Пятница, 09 февраля 2018 12:40

Қарағанды облыстық комитетінің коммунистері Президенттің Жолдауын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр

Оцените материал
(0 голосов)

6 ақпан күні ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің басшылығы Орталық Қазақстан Академиясының оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа Жолдауы талқыланды.

Жолдаудың негізгі тармақтарын түсіндіру мақсатында ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы Анатолий Баранов баяндама жасады. Ол өз баяндамасында жолдаудың тиімді мемлекеттік басқару мен Қазақстанда «ақылды технологияларды» дамыту туралы тармақтарын ерекше атап өтті.

Отырысқа қатысушылар спикердің баяндамасына үлкен қызығушылық танытып, бірнеше сұрақтар қойды. Баяндамашы өз кезегінде толыққанды жауап беріп отырды.

Кездесу соңында халық коммунистері ОҚА-ның оқытушылар құрамына естелік күнтізбелер мен «Коммунист Казахстана» журналын табыстады.

ҚКХП Қарағанды ОК Баспасөз қызметі

встреч 7встреч 7встреч 7встреч 7

Прочитано 70 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.