Понедельник, 12 февраля 2018 12:21

ОРТАҚ ЖОЛДА

Оцените материал
(0 голосов)

Қаңтар айының соңында  ҚКП ОК құжаттарды зерттеу бойынша канцелярия меңгерушісі Лян Жун мырзаның басшылығымен Қытай Коммунистік партиясының  өкілдері Қазақстанда болып қайтты.

Астанадағы ресми сапар барысында «Қытай Компартиясының ХІХ Съезінің рухы» тақырыбында таныстыру конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өкілдері де қатысты. Сонымен қатар форум алаңында екі компартия басшыларының кездесуі де ұйымдастырылды.

ҚКП-ның ХІХ Съезі – Қытай үшін елеулі оқиғалардың бірі. Бұл оқиғаны ел дамуының жаңа кезеңі деп те атай бастады. Мұнда ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің қытайлық ерекшелікпен социализм құруға бағытталған идеялары жол бастап отыр.

Съезде партияның соңғы бес жылдағы жұмыс нәтижесі қарастырылып, Қытай мен жалпы әлемдегі қоғамдық-экономикалық және саяси жағдай талқыланды. Сондай-ақ, алдағы жылдарға ҚХР дамуының стратегиялық  бағыты тұжырымдалды.

Бұған дейін ҚХР экономикасы экспортқа өнім шығару есебінен дамып келсе, ендігі кезекте ел билігі ішкі сұранысты арттыруға басымдық беруді жоспарлап отыр. Алайда Қытайдың ішкі нарыққа басымдық беруі, оның өзін өзі оқшаулау бағытын таңдау дегенді білдірмейді. Керісінше, ҚХР адамзаттың біртұтас тағдыры қауымдастығын құру идеясын алға қойып, кедейлік пен жоқшылықсыз, қауіпсіз әлем құру үшін жаһандық басқару жүйесін түрлендіруге  ниетті.

Си Цзиньпиннің жоспарлары және Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың әрі қарай дамуының стратегиясы таныстыру конференциясының негізгі тақырыбына айналды.

–  «Адамзат тағдырының біртұтас қауымдастығы» толық ойластырылған тұжырымдаманың үлгісі болып табылады, - деп санайды қазақстандық коммунистер.  – Мұнда барлық адамзаттың дамуы мен мүдделері тоғысқан. Тұжырымдама адамзаттың жарқын болашақ әлем туралы арманын бейнелейді.

Конференцияның қатысушысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың сөзінше, Қытайдың жаһандық идеясы әлемге тек оң серпіліс береді.

-        Ашықтық, халықаралық ынтымақтастықтың дамуы бұл –  біртіндеп және бейбіт жолмен жүретін,  өзара тиімді үдеріс, - деді ол.  – Қазіргі таңда әлемде барлығы қолдана алатын дамудың бірыңғай әмбебап моделі жоқ.  Әрбір елдің өзіндік ерекшелігі бар, Қытай мұны да ескермек.

Қытай саясатының ерекшелігі туралы айтатын болсақ, оның өз тарихына деген қарым-қатынасын ерекше атап өткен жөн. Оларда дәстүрді сақтау, тарихи қателіктерден, оның барлық кемшіліктері мен артықшылықтарын ескере отырып сабақ алу қалыптасқан.

М.Магеррамов екі компартияның ынтымақтастығы туралы: - Менің ойымша, ҚКП – басшылыққа алуға болатын жақсы үлгі. Бұл біздің партияның саяси ұйым ретінде сапалық және сандық жағына да оң ықпал ететіні сөзсіз. Бізде ортақ коммунистік идеология, ортақ коммунистік құндылықтар бар. Біз ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз, - деді.

Маргарита НИКИТИНА

Прочитано 40 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.