Среда, 14 февраля 2018 10:19

Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті кедейлікпен күрес тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 13 ақпанында ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті меморгандардың, саяси партиялардың, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерінің және қоғам белсенділерінің қатысуымен «Қазақстандағы инфляция. Келер жылдан не күтеміз?» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді.

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, ресми түрде Қазақстандағы инфляция 7,1%-ды құраған. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасында бұл инфляцияның ең жоғарғы көрсеткіші.

2017 жылдың басынан 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықта азық-түлік тауар бағасы өткен жылмен салыстырғанда 6,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар 8,9%-ға, ақылы қызмет 5,9%-ға  қымбаттаған.  Бұған қоса Қазақстанда ресми мәлімет шынайы болмысты бейнелемейтіндігін ескерген абзал.

2018 жылдың басынан теміржол билеттерінің бағасы 7%-дан 37%-ға қымбаттаған. Қазақстанның 12 аймағында коммуналды тариф бағасы да өскен. Сарапшылардың болжамы бойынша, алдағы уақытта бензин бағасы да көтеріледі. Мұның барлығы азық-түлік пен қызмет бағасының кезекті қымбаттау науқанына әкеліп соқтырады.

2017 жылдың қараша айында жан басына шаққанда халықтың ақшалай табысы 81039 теңгені құраған, бұл 2016 жылдың қараша айындағы көрсеткішке қарағанда 1,5%-ға төмен, көрсетілген кезең аралығында шынайы ақшалай табыс 8,2%-ға азайған.

Республика бойынша орташа жалақы өскен, бірақ ол ақшаға қымбатшылықтың салдарынан бұрынғыдай мөлшерде тауар алу мүмкін емес.

ЖЖМ бағасының өсуі, тарифтер мен азық-түлік бағасының көтерілуі қоғам наразылығын тудыртуда. Қатардағы қазақстандықтар ертеңгі күндеріне алаңдаулы, олардың көкейінде отбасының жағдайы не болмақ, жұмыста қысқартуға легіп қалу қаупі бар ма, ТКШ есептерін төлеуге мүмкіндігі жетеді ме деген сұрақтар жүр?

 Мұның барлығын басу мақсатында шенеуніктер баға өсімін реттейміз деп уәде беруде. Бірақ баға өсуін тоқтатқан емес, ал азаматтар шенеуніктердің бұл жағдайды бақылауда ұстай алу мүмкіндіктеріне сенуден қалды.

Баға өсімі мен шынайы табыстың азаюы халықты кедейлікке апарып соқтырады. Нәтижесінде орта тап азайып, кедейлік шегінде қалған адамдардың саны арта түседі.  Күніне 5 долларды құраған халықаралық кедейлік шегі Халықаралық банктің шешімімен 2017 жылы 19,8%-ға артты. Бұл бағамға сүйенсек, әрбір бесінші қазақстандық кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. 2018 жылы бұл көрсеткіш қандай боларын тек болжау қалды.

Биыл ОҚО-да баға күрт өскен. Мұнда қаңтар-қараша айларында негізгі тұтынатын тауар бағасы мен қызмет ақысы 7,9%-ға артқан.

Бағаның өсіміне ақылы қызмет құнының 10,6%-ға қымбаттауы кері әсерін тигізген. Ал ҚР-ның басқа аймақтарымен салыстырғанда ОҚО-да азық-түлік және азық-түлік емес тауар бағасы баяу қымбаттаған. Өмір деңгейінің төмендеу тенденциясы 2018 жылы да жалғасатыны айдан анық. Нәтижесінде кедейлер саны артады, табыстар айырмашылығы да арта түседі, орта тап азая бастайды. Төмен табыс жағдайында тұтынушылық қабілет азаяды, бұл өз кезегінде экономика мен отандық өндірушілердің өміршеңдігіне әсерін тигізеді.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы кедейлікпен және табыстардың жіктелуімен күресу механизмі ретінде халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына арнайы банк карталарын енгізуді ұсынады.

Отандық өнімдердің басым бөлігі экспортталмайтынын ескерсек, оны өткізудің бірден бір жолы ішкі нарық. Алайда төлеуге қабілетті сұраныстың азаюына байланысты кәсіпорындар өндірісті қысқартуға мәжбүр, бұл өз кезегінде жалақының төмендеуіне әкеп соқтырады. Осылайша, Қазақстан «төмен табыстар тұзағына»  түседі.

Қазіргі таңда кедейлік тек жұмыссыздықпен емес, төмен табыспен байланысты болып тұр, себебі жұмыс істейтін халық та кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. Бұған дейін орта тап өкілдеріне жатқандар, біртіндеп кедейлер қатарына ығысуда.

ҚКХП отандық тауарға деген тұтынушылық сұранысты ынталандыру бағдарламасымен бірге кедейлікпен күресу бағдарламасын қабылдау қажет деп санайды. Бұл идеяның мәні: мемлекет әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың есепшоттарына ай сайын белгілі бір сомма аударады. Ол қаражатқа отандық өндіруішлердің азық-түлігін сатып алуға болады.

Бұл шараны енгізудің тиімді жақтары айдан анық: жергілікті өндірушілерді қолдау, төмен табыстылықпен күресу, азаматтардың материалдық жағдайының жақсаруы, сұраныстың артуы мен экономиканың жандануы.

Қоғамдық пікірталас соңында қатысушылар коммунистердің отандық өндірушілерді қолдау мақсатында халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына арнайы банк карталарын енгізу  идеясын толыққанды қолдайтындықтарын жеткізді.

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан ОК

foto6foto6foto6foto6foto6

Прочитано 36 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.