Өкінішке орай, пікірталасқа Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімінің өкілдері қатыспады. Бірінші хатшы С.Биғарова Қазақстан Коммунистік Халық партиясының отандық тауарға деген тұтынушылық сұранысты ынталандыру бағдарламасымен бірге кедейлікпен күресу бағдарламасын енгізу туралы идеясын мәлімдеді. Коммунистер бұл бастама кедейлік және табыстардың жіктелуімен күресудің бірден бір механизмі болады деп санайды. Идеяның мақсаты халықтың әлеуметтік жағынан осал тобының банк карточкаларына мемлекеттен ай сайын белгілі бір сомма аудып отыру. Ол ақшаға олар отандық өнімдер сатып ала алады.
Еңбек ардагері И.Левченко бұған дейін халықтың әлеуметтік жағынан осал тобын қолдау мақсатында азық-түлік талондары енгізілгендігін еске түсірді. Зейнеткер ол үшін бұл әжептәуір көмек болғанын да жасырмады. Ең бастысы дұрыс механизм, яғни көмек тиісті адресатқа жетуі тиіс. Ал отандық өндірушілерді қолдау үшін бағаларды дұрыс реттеу қажет.
Сонымен қатар кездесу барысында ҚКХП құрамына жаңа мүше қабылданды.
ҚКХП Алматы облыстық комитеті