Четверг, 15 февраля 2018 11:19

ШҚО облыстық комитетінде инфляция және баға өсімімен күресудің әдістері талқыланды

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 14 ақпанында Өскемен қаласында ҚКХП ШҚОБ кеңсесінде «Қазақстандағы инфляция. Келер жылдан не күтеміз?» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті.  Басқосу ШҚО-ның әлеуметтік-экономикалық секторында  қалыптасқан жағдайды талдауға арналды. Кездесуге облыстық ішкі істер, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының, облыстық саяси партия бөлімшелері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырысты ҚКХП ШҚОБ-ның бірінші хатшысы Шыңғыс Байдаулетов ашты:

- Баға жалақыға қарағанда қарқынды өсуде, ал шығыс қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі төмендеп барады. Өкінішке орай, ШҚО инфляция жағынан көшбасшылар санатында тұр. Бұл жергілікті биліктің аймақтық экономиканың дамуына, бәсекелестікті арттыруға, орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жұмыстарының әлсіздігін көрсетіп тұр. Инфляцияның өсуін тежеп тұруға, жергілікті өндірісті ынталандыруға, нарықты жергілікті тауар мен өнімдермен толтыруға, тауар өндірушілер арасында шынайы бәсекелестік орта қалыптастыруға, ішкі тұтынуға серпін беруге арналған механизмнің жоқтығы байқалып отыр. Мұның барлығы инфляцияға тежеу болып, ішкі тұтыну нарығын жандандырып, халықтың шынайы табысының төмендеу жағдайын жақсартуға септігін тигізер еді, - деді ол.

ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкері Айман Нұрлыбек қатысушыларды инфляцияның деңгейі бойынша жалпы статистикалық мәліметпен таныстырып өтті. Сонымен қатар ол облыс бойынша жекелеген тауар  түрлерінің баға өсімі туралы ақпарат берді. Бұдан басқа А.Нұрлыбек аймақтың өндірістік күшін активизациялауға  бағытталған жергілікті биліктің іс-шараларымен таныстырып өтті. Кейін маман қоғамдық пікірталас қатысушыларының көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап берді.

Халық коммунистері жиналғандарға коммунистердің отандық өндірісті ынталандыру мен ішкі тұтынуды арттыруға бағытталған жобасын назарға ұсынды.   Оның мақсаты отандық өнімдерді тұтыну үшін мемлекеттік табыстың бір бөлігін халыққа үлестіру болып табылады. Бұл шара жергілікті экономиканың дамуына ықпал етіп, инфляциялық үдеріске тежеу болар еді.

Қатысушылар халық коммунистерінің ұсынысына үлкен қызығушылық танытып, жобаның әрі қарай іске асырылуына ниеттес екендіктерін жеткізді.

ҚКХП ШҚОБ Баспасөз орталығы

VKO1 1 5VKO1 1 5VKO1 1 5VKO1 1 5

Прочитано 78 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.