Понедельник, 19 февраля 2018 11:12

Жұмыспен қамтудың машақаты Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Жуырда Астанада «Жұмыспен қамту – қоғамның әл-ауқатының факторы» деген тақырыпта ғылыми конференция өтті. Іс-шараны «Халық коммунистері» фракциясы ұйымдастырды. Отырыста жастарды, егде жастағы азаматтарды, мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі талқыланды.

Іс-шара барысында ҚКХП фракциясының жетекшісі Владислав Косарев қазіргі таңда қазақстандықтардың әл-ауқаты еңбекақыға байланысты қалыптасатынын атап өтті. Ал Қазақстан саяси зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенованың ойынша, мұны барлығы жете түсіне бермейді.

– Қазіргі таңда жұмыс орындарын ашу барлық мембағдарламалар бойынша қызыл сызықтан өтуде. Мұндағы мақсат – жұмысшы күштердің қозғалысын құру, – деді Зарема Шаукенова.

Сызық қажетінше қызыл болмай тұрғаны ғой, қарапайым есептеу бойынша, біздің елде 440 мыңнан астам жұмысссыз және 2 миллионнан астам өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адам бар.

«Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Жақсылық Күлекеевтің пікірінше, тәуелсіздік жылдары өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны ауылды жерлерде көбейген, бұған объективті себептер негіз болған.

– Әрине, бұл ел экономикасының жалпы жағдайымен байланысты. Себебі қалада жұмыс орындары қалмады, сондықтан оңтүстіктің кәсіпорындарында жұмыс істеген азаматтар ауылды жерлерге ығысуға мәжбүр болды. Оңтүстікте жер өңдеп, жеміс-жидек өсіріп күн көруге болады.

Адамдар ауылды жерлерге қоныс аударуда, бірақ мұнымен еңбек өнімділігі артып тұрған жоқ, – деді Ж.Күлекеев.

Оның ойынша, жұмыс күші тиімді пайдаланылмайды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар өмірлеріне, табыстарына риза. Олар болашақтарына үлкен үмітпен қарайды.

ҚКХП-ның Мәжілістегі депутаты Галина Баймаханова шынайы экономикада халықты жұмыспен қамтудың басты жағдайы табиғи ресурс екенін қатысушылардың есіне салды.

– Ресурстар – біздің өміріміздің басты негізі, – деп атап өтті коммунист. Минералды шикізат – материалды өндірістің негізі, шаруашылықтың барлық  салаларында қолданылады. Әзірге қазақстандық табиғи ресурстардың басым бөлігі экспортқа жіберіледі. Шикізаттық экономикадан өндіруге ауысу жағдайды едәуір жақсартып, бюджетті толтырып, жұмыс орындарын құруға сеп болар еді. Алайда Қазақстан шикізаттық экономикадан кетуге ұмтылса да, мұны іске асыру қолдан келмей жатыр.

«Арман» отбасылық және медициналық құқық бюросының бас директоры Светлана Саукенова мүгедектерді жұмысқа орналастырудың көптеген мәселелерін алға тартты.

– Бұл жерде барлығы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына келіп тіреледі. Біздің елде оларға ешқандай жағдай жасалмаған. Материалдық-техникалық база, әдістемелік құралдар, арнайы мамандар жоқ, – деді Светлана Саукенова.

«Халық коммунистері» фракциясының депутаты Айқын Қоңыровтың баяндамасы үлкен пікірталас туғызды. Мәжілісмен өткен жылы Қазақстан халықаралық деңгейде кедей елдердің ондығына кіргенін еске түсірді.

– Көбіміз үшін бұл ауыр соққы болды. Себебі әртүрлі мінбелерден біздің елдің жетістігі туралы оң цифрлар мәлімделді. Алайда Үкіметтің экономикалық блогы мен Ұлттық банктің дерегінен басқа деректер бар.

Онда басқа көрсеткіштер көрсетілген. Халықаралық сарапшылар елдің жалпы көрсеткіштерін емес, адамдардың үй-шаруашылығы жағдайын, жинаған қаражаты  мен қарыздарын есепке ала отырып нақты көрсеткіштерді шығарады. Зерттеу есебі Қазақстандағы көптеген отбасылардың табысы азайып, жинаған жинағы емес, қарызы көбейіп бара жатқанын көрсетті.

Бұған девальвация, теңгенің еркін айналымға жіберілуі, экономиканың нақты секторындағы проблемалар, азық-түлік пен жанар-жағармай импортына тәуелділік бірден бір себеп болып отыр деп танылды. Бізде, Қазақстанда осының барлығы назардан тыс қалады, халықтың әл-ауқаты орташа көрсеткіш бойынша белгіленеді. Тиімсіз үйлестіру жүйесінде ел байлығының өсімі халықтың әл-ауқатын арттырмайды. Кедей халық бұл – адами капиталдың, білім мен денсаулық сақтау саласының құлдырауы. Бұл төмен еңбек өнімділігі және қоғамдағы шиеленіскен жағдай, – деді Айқын Қоңыров.

Тығырықтан шығудың жолы ретінде коммунистер ауқатты адамдарға қосымша салық түрлерін енгізуді, квазимемлекеттік сектор мен коммерциялық банктердегі ақша ағынымен трансшекаралық капитал қозғалысын қатаң қадағалауға алуды ұсынды. Өкінішке қарай, әзірше Үкімет үндемей отыр.

Үкімет қан-сөлі жоқ статистикалық мәлімет ұсыну арқылы депутаттық корпусқа қарсы аргумент ұсынады. Жарқын жобалар жайлы сөз қозғап, жалған уәде береді. Ал бұдан халықтың тұрмысы түзеліп, жағдайы жақсармайды.

Ғылыми конференцияны қорытындылай келе қатысушылар еңбек заңнамаларын заман талабына сай реформалауды, статистика органдарында тәртіп орнатуды, еңбек өтілі жоқ жастарды, зейнет жасына жақындап қалған адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесін шешуді ұсынды.

Маргарита НИКИТИНА

trudnosty2trudnosty2

Прочитано 60 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.