Понедельник, 19 февраля 2018 16:09

Павлодарлық коммунистер дөңгелек үстел ұйымдастырып, «Қазақстандағы инфляция. Келер жылдан не күтеміз?» деген тақырыпты талқылады

Оцените материал
(0 голосов)

Ресми мәлімет бойынша 2017 жылы Қазақстандағы инфляция 7,1%-ды құрады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі ең жоғарғы инфляциялық көрсеткіш.

2017 жылдың басы мен 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықта азық-түлік тауар бағасы өткен жылмен салыстырғанда 6,5%-ға, азық-түлік емес тауар 8,9%-ға, ақылы қызмет 5,9%-ға қымбаттаған. Қазақстандағы ресми статистика шынайы болмыстан алшақ екендігін ескерсек, қазақстандықтардың басым бөлігінің жағдайы бұдан да нашар екендігі айдан анық.

2018 жылдың басынан бері теміржол билеттерінің бағасы 7%-дан 37%-ға қымбаттаған, еліміздің 12 аймағында коммуналды қызмет тарифы  өскен.  Сарапшылардың болжамы бойынша бензин бағасының қымбаттауы да күтілуде. Мұның барлығы азық-түлік пен қызметтің кезекті қымбаттауына әкеліп соқтырады.

Бұған қоса Қазақстанда тауар мен қызмет бағасының шарықтауы номиналды табыс көлемінің арту тенденциясының алдында жүреді. 2017 жылдың қараша айында халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақша табысы 81039 теңгені құраған, бұл 2016 жылдың қараша айындағы көрсеткіштен 1,5%-ға төмен. Көрсетілген кезең аралығында шынайы ақшалай табыс 8,2%-ға төмендеген.

Республикадағы орташа жалақы өскен,  дегенмен қымбатшылыққа байланысты ол ақшаға бір жыл бұрынғыдай тауар алу мүмкін емес.

ЖЖМ бағасының қымбаттауы, тарифтер мен азық-түлік бағасының өсуі қоғамда үрей тудырып отыр. Қатардағы қазақстандықтар ертеңгі күн үшін алаңдаулы, әрқайсысының көкейінде келер күні отбасының жағдайы не болмақ, жұмыстағы қысқартуға легіп қалмаймыз ба, ТКШ төлемдерін жасай аламыз ба деген сауалдар жүр.

Бұл ахуалды қалыпта ұстау үшін шенеуніктер баға өсімін ұстап тұруға уәде берумен шектеліп отыр.  Дегенмен баға шарықтап келеді, ал азаматтардың шенеуніктер жағдайды бақылауда ұстай алады дегенге үміттері сейілуде.

Бағаның өсуі мен шынайы табыстың төмендеуі халықты кедейлікке апарады.

Нәтижесінде орта тап азайып, кедейшілік шегінде қалған азаматтардың саны арта түседі. 2017 жылғы Дүниежүзілік банктің мәлімдемесі бойынша халықаралық кедейлік шегінің көрсеткіші күніне 5 АҚШ доллары 19,8%-ға артқан, бұған сүйенсек, әрбір 5-ші қазақстандық кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. 2018 жылы бұл көрсеткіштің қандай боларын тек болжай ғана аламыз.

Айқындалған тренд бойынша өмір деңгейінің төмендеуі 2018 жылы да байқалатын болады. Нәтижесінде кедейлер саны көбейеді, таптар табысының айырмашылығы да арта түседі, орта тап азая бастайды. Төмен табыс жағдайында қазақстандықтардың тұтынушылық қабілеті төмендейді, бұл отандық өндірушілердің өміршеңдігі мен экономикаға елеулі әсер етеді.

Отандық шикізат емес өнімнің басым бөлігі экспортталмайтынын ескерсек, оны өткізудің бірден бір мүмкіндігі ішкі нарық болып табылады. Алайда сұраныстың төлеу қабілеті төмендегендіктен, біздің кәсіпорындар өндірісті азайтуға мәжбүр, бұл өз кезегінде кәсіпорындағы жалақының қысқартылуына әкеліп соқтырады.  Осылайша Қазақстан «төмен табыстар тұзағына» түседі.

Қазіргі таңда кедейлік жұмыссыздықпен ғана емес, төмен табыспен байланысты болып отыр, соның салдарынан жұмыс істеп жүрген азаматтар да кедейлікте өмір сүріп жатыр.   Бұған дейін орта тапқа кіргендер, қазіргі кезде ақырындап кедейлер қатарына ығысуда.

Бұл тақырып ҚКХП-ның барлық облыстық комитеттерінде талқы таразысына салынды.

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті 15 ақпанда антимонополиялық комитеттің, «Павлодарэнергосбыттың», экономика және бюджеттік жоспарлау, ішкі саясат, жастар саясаты басқармаларының, статистика басқармасының,  «Милосердие и здоровье» халықаралық қорының, «Гражданский альянс» ЗТБ-ның, «Замандас» клубының, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің, Қазақстан соқырлар қоғамының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін дөңгелек үстел басына шақырып,  «Қазақстандағы инфляция. Келер жылдан не күтеміз?» тақырыпты ой елегінен өткізді.

Шараға саяси партиялар мен қала белсенділері де қатысты.

Антимонополиялық комитеттің, «Павлодарэнергосбыттың», экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының өкілдері дөңгелек үстел басында отырып, мезгіл мәселесіне айналған сұрақтарға жауап беруге тиіс еді. Алайда олар шараға бір апта бұрын шақырылғандарына қарамастан қара көрсетпеді.

Пікірталасқа қатысушылар шенеуніктер қоғамдық бірлестік өкілдерімен бетпе-бет кездесуден үнемі жалтаратыны айтты. Яғни олар осы арқылы қарапайым халыққа деген көзқарастарын көрсетеді. Ішкі саясат басқармасының мамандары  осыған қатысты мәселенің мән-жайын анықтауға уәде берді.

ҚКХП отандық тауарға деген тұтынушылық сұранысты ынталандыру бағдарламасымен бірге кедейлікпен күресу бағдарламасын қабылдау қажет деп санайды.  Бұл идеяның мәні: мемлекет әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың есепшоттарына ай сайын белгілі бір сомма аударады. Ол қаражатқа отандық  өндіруішлердің азық-түлігін сатып алуға болады.

Бұл шараны енгізудің тиімді жақтары айдан анық: жергілікті өндірушілерді қолдау, төмен табыстылықпен күресу, азаматтардың материалдық жағдайының жақсаруы, сұраныстың артуы мен экономиканың жандануы. Облыстық статистика басқармасының өкілі 01.01.2018 жылы жулы тарифі 7,1%-ға өскенін мәлімдеді. Бір қызығы жылуесептегіш құралы бар азаматтарға баға тариф 25%-ға, қалғандарына 7%-ға көбейген.

«Гражданский альянс» ЗТБ өкілі Павлодар облысының аумағында энергетиктер, қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу, химия саласының мамандары қоршаған ортаға зиян келтіріп отырғанын алға тартып:

«Павлодар облысының экологиялық жағдайы көңіл құлазытарлық деңгейде. Облыстық статистика түрлі аурулардың өршіп бара жатқанын көрсетіп отыр. Экологиялық жағдайды ескере отырып, Павлодар облысының тұрғындарына электр энергиясының тарифін жеңілдету қажет деп ойлаймын», - деді.

«Милосердие и здоровье» халықаралық қорының өкілдері көрсетілетін қызметақысына қатысты көптеген сұрақтар бар екенін айтты.

– Электр энергиясының ақысын төлеген кезде төлемақы «Павлодарэнергосбыттың» есепшотына бірден түспейді. 2-3 аптадан соң осыған қатысты өсімақы түрінде айыппұл келеді. «Павлодарэнергосбыт» неге нақты уақытпен жұмыс істемейді? «Алма-ТВ-да» дұрыс қызмет көрсетпейді. Жарнамасында 70 канал деп тұрады, мен соған ақша төлеймін, ал ұсынатыны 62-63 канал ғана. Біз азаматтық белсенділікті арттыру қажет деп санаймыз. Мәслихат жанынан құрылған қоғамдық кеңес пен антимонополиялық комитет тарифке байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізген жоқ, – деді ол.

Арадагерлер кеңесі өкілдерінің мәліметінше, облыста 117 мың зейнеткер бар. Олардың 40%-ға жуығы әлеуметтік жағынан аз қамтылғандардың қатарына жатады.

– Барлық сұрақтарды үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғам белсенділерімен бірлесіп шешу қажет. БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнату керек, – деді ішкі саясат басқармасының өкілі.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы кедейлікпен және табыстардың жіктелуімен күресудің бірден бір механизмі ретінде халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына арнайы азық-түлік карточкаларын енгізуді ұсынады.

Кедейлік пен төмен жалақы адамдарды дұрыс тамақтану, емделу, балаларға білім беру сияқты мүмкіндіктерден шектеп, өмір деңгейін төмендетеді. Қазіргі таңда мұның барлығы өзекті экономикалық мәселеге айналып отыр.

– Қазақстан ХХI ғасырдың екі он жылдығынан астам уақытта талантты, еңбекқор және толерантты халықтың қажыр-қайратымен қалыптасқан ел. Егер халықтың әл-ауқаты жақсы болса, ел гүлденеді. Біздің барлығымызға жауапкершілік жүктелген. Біз ғаламдық дағдарысты жеңуге тиіспіз, – деп қорытты жиынды дөңгелек үстелдің модераторы.

Pavlodar2Pavlodar2

Прочитано 20 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.