Среда, 21 февраля 2018 17:27

Көктемгі су тасқынына әзірлік мәселесі талқыланды

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті «Аймақтағы су тасқынына дайындық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара Атбасар және Сандықтау аудандық комитеттерінің хатшылары Еспембет Түбеков пен Виктор Новоселовтың мәлімдемелерінен басталды. ҚКХП-ның екі өкілі бір ай бұрын мандат алып, өз аудандарындағы көктемгі тасқынға дайындықты сараптаумен айналысқан.

Е.Түбековтың сөзінше, ауданда комиссия құрылған, алғаш рет бұл комиссияның құрамына халық коммунистері өкілін кірген. Құрастырылған жоспар бойынша бұл комиссия апта сайын жиналып, су тасқыны бойынша мониторинг жүргізеді. Барлық гидротехникалық құрылыстар бақылауға алынып, адамдар мен жануарлардың және т.б. эвакуациялау орны анықталған.

В.Новосёлов Сандықтау ауданындағы су тасқыны салдарын алдын алу жұмыстары бойынша ақпарат ұсынды. Оның айтуынша, су қоймаларының бойымен дуалдар орнатылып, су бұрғыш каналдар жасалынып жатыр. Сонымен қатар көрнекі-үгіт жұмыстары да жүргізілген. Алайда Виктор Дмитриевич адамдардың жауапкершілігінің төмендігіне қынжылып отыр. Оның айтуынша, су қоймалары мен ТТЖ жалға алушылар өздерінің коммерциялық мүдделері үшін алдын алу шараларын жүргізуге мүмкіндік бермей отыр.

Су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары бойынша ТЖД подполковнигі Еркен Берлібеков мәлімдеме жасады. Ол су тасқынының көптеген аспектілері құтқару қызметінің функциясына жатпайтынын айтты. Мысалы, ауа-райын бақылау, гидродинамикалық апаттар болжамы. Еркен Күшпайұлы  ТЖ қызметі қазірден бастап өз күштерімен жағдайды зерттеп, алынған қорытынды бойынша өкілетті органдарға шара қабылдау үшін хат жолдағанын хабарлады.

Сонымен қатар көктемгі тасқын кезіндегі бау-бақша аймақтарының мәселесі де талқыланды.

М.Мусин, Г.Россельбай, С.Бадак және «Акмолинская правда», «Арқа ажары» газеттерінің журналистері ТЖ-ға орын беріп, жазаға тартылмаған  бірқатар шенеуніктерді жеке жауапкершілікке тарту қажеттілігі туралы айтты.

Дөңгелек үстелдің модераторы Бейсенбай Мәжитов шенеуніктердің су тасқынына қарсы іс-шараларға деген бюрократиялық амалдары туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, өкілетті органдардың жауапсыздықтары қазынаға қаншама шығын келтіреді, ал қарапайым адамдардың моральдық зардаптары, тіпті өлшеусіз.

Мәселе өте қызу талқыланды, әкімдік тарапына көп сын айтылды.

ЖСДП және «Ауыл» партияларының өкілдері коммунистердің ұстанымын қолдап, су тасқынының шығынын барлық іс-шараларды ғылыми негізге сүйене отырып, үлкен кәсібилікпен және адамдарға деген қамқорлықпен жасаса азайтуға болатындығын жеткізді.

Akmola8Akmola8Akmola8Akmola8Akmola8Akmola8Akmola8Akmola8

Прочитано 36 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.