Четверг, 22 февраля 2018 09:54

Өскеменде «Қызыл Әскерге - 100 жыл» акциясы өтті

Оцените материал
(0 голосов)

21 ақпан күні ҚКХП ШҚОБ кеңсесінде Қызыл әскердің 100 жылдығына арналған отырыс ұйымдастырылды. Жиынға «Нұр Отан», «Ақ жол», «Ауыл» саяси партиялары облыстық бөлімшелері мен «ҚР Қарулы күштерінің облыстық ардагерлер кеңесі», «Өскемен қ. Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы», «Поколение» сияқты қоғамдық ұйымдардың өкілдері және қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкері Д.Елубаев қатысты.

ҚКХП ШҚОБ бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов өз сөзінде: «КСРО құлдырағаннан кейін, 23 ақпан ресми мереке болмаса да, халық жадында тарихи күн болып қала бермек. Қызыл әскердің дәстүрлі жеңістері халық жадында мәңгілік сақталған. Кеңестік әскер көптеген азаматтарды шыңдап,

үлкен өмірге жолдама берді. Кеңес әскері жас адамдардың кәсіби-техникалық деңгейін, физикалық дайындығын арттыруға, әртүрлі ұлт өкілдерімен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Бұл тәжірибенің үлкен өмірде берген нәтижесі мол», - деді.

Кейін Кеңес және Қазақстан әскерінің ардагері, отставкадағы полковник Михаил Петрович Телушко сөз сөйледі. Ол өзінің әскерлік өмірі, өмірлік тәжірибесі туралы айтып берді. Жастарды патриоттыққа баулу бойынша өз ұсыныстарын да ортаға салды.

Обкомның екінші хатшысы Сергей Михеев қазіргі қазақстандық әскер туралы өз ойымен бөлісті.

- Қазіргі таңда кәсіби-техникалық білім беру артта қалып отыр. Әскери адамның, Отан қорғаушының бейнесін насихаттау жұмысы дұрыс қойылмаған. Бұл әскерге байланысты ақпараттың телебағдарламалар мен кинотуындылар арқылы берілуінің аздығына да байланысты, - деді ол.

Отырыс соңында қатысушылар ҚКХП ШҚОБ-ға ұйымдастырылған іс-шара үшін алғыстарын білдірді. Кейін обкомның бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов ҚР мен КСРО қарулы күштерінің ардагері Михаил Телушкоға «Ұлы Қазан социалистік революциясының 100 жылдығы» мерейтойлық медалін, ал саяси партиялар бөлімшелерінің өкілдері мен ҚКХП-ның белсенділеріне партияның белгісі бейнеленген күнтізбелер табыстады.

ҚКХП ШҚОБ Баспасөз орталығы

Ustkam6Ustkam6Ustkam6Ustkam6Ustkam6Ustkam6

Прочитано 102 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.