Четверг, 22 февраля 2018 16:20

Ақмола облысының коммунистері Кеңес әскері мен флотының 100 жылдығына арналған акция өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

23 ақпан қарсаңында Көкшетау қаласында ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бастамасымен Кеңес әскері мен флотының 100 жылдығына арналған іс-шара өтті.

Кеңес әскерінің ардагерлері және жас буын өкілдері Кеңес Одағының батырлары Мәлік Ғабдуллин мен Талғат Бигелдиновтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімін жасады. Сонымен қатар гүл шоқтары Даңқ аллеясы мен Мәңгілік алауға да қойылды. Мәңгілік алауда қатысушылар қаза болған жауынгерлердің құрметіне бір минут үнсіздік жариялады.

Облыстық комитеттің хатшылары өз сөздерінде Кеңес әскерінің рөлі, мәні мен маңызы  туралы айтып берді. Әскер ардагерлеріне Кеңес әскері мен флотының 100 жылдығына арналған төсбелгілер табысталды. Кейін қатысушыларға мерекелік дастархан жайылды.

K100Let12K100Let12K100Let12K100Let12K100Let12K100Let12K100Let12K100Let12K100Let12K100Let12K100Let12K100Let12

Прочитано 80 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.