Қатысушылар ҚКХП ОК хатшысы Дмитрий Легкийдің Қызыл әскердің 100 жылдығына арналған «Рожденная в боях» мақаласын талдады. Мақалада Антанта елдері мен Ақ гвардияның генералдарына тойтарыс бере алған Жұмысшы-шаруа әскерінің құрылуы мен қызметі туралы тарихи фактілер келтірілген.
Қатысушылар кейбір сарапшылардың Ұлы Қазан революциясының, Азаматтық соғыс пен Қызыл әскердің тарихын жоққа шығару іс-әрекеттеріне жол бермеу керектігін атап өтті. Тарих объективті қабылдануы және бағалануы тиіс, шынайы тарихсыз болашаққа қадам басу қиын.
«Отанды қорғау – патриоттықтың белгісі, - деген пікір білдірді жас комсомолдықтар. Қазақстан тәуелсіздігі әрбір азаматтың оның партиялық немесе діни ұстанымына қарамастан баға жетпес құндылығы болып табылады!».
Кездесу соңында қонақтарға мерекелік дастархан жайылды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Сапарбай Өтемісұлы В.И. Ленин туралы спектакльден үзінді ойнап берді.
ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті