Четверг, 01 марта 2018 10:01

ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінде Президент Жолдауы талқыланды

Оцените материал
(0 голосов)

28 ақпан күні Өскемен қаласындағы ҚКХП ШҚОБ кеңсесінде 2018 жылдың қаңтар айында Президенттің Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауы талқыланды.

Отырысқа Өскемен қаласы ішкі істер бөлімінің, облыстық білім беру басқармасының, облыстық тілдерді дамыту басқармасының және қоғамдық бірлестіктер мен облыстық саяси партия бөлімшелерінің, еңбек ұжымдарының өкілдері мен жастар қанатының белсенділері қатысты.

Талқылауды ҚКХП ШҚОБ-ның бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов ашты:

- Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл Жолдауы ел дамуының кезекті кезеңі үшін өте маңызды. Қазақстанда жолдау тәжірибесі 1997 жылы басталған. Осы мерзім ішінде Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» және «Қазақстан - 2050» атты екі үлкен стратегия ұсынды. Аралық жолдаулар стратегияларды іске асыруға арналған   нұсқаулық болып табылады. Жаңа Жолдауда Қазақстан басшылығы заманауи халықаралық жағдай мен сандық дәуірге қарай жаһандық даму трендіне шынайы баға беріп отыр.

 2017 жылдың басында Мемлекет басшысының бастамасымен конституциялық реформа жүргізілді, Қазақстанның үшінші жаңғыруы бастау алды, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық құжаты өз жұмысын жалғастырып жатыр.

  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы мемлекет басшысының елдің әрі қарай жаңғыру стратегиялық бастамасының тікелей жалғасы болып отыр. Президент Жолдауда 10 мақсатты айқындап берген.  ҚКХП Елбасының алға қойған бастамаларын қолдауға үндейді, оларды талқылау мен іске асыруда белсендік танытуымыз қажет, - деді ол.

 Отырысқа қатысушылар коммунистердің ұсынысын бірауыздан қолдады.

Облыстық білім беру басқармасының өкілі Ф.Мамырбаева латын әліпбиін енгізуге қатысты білім саласындағы дайындықтар туралы айтып берді:

- Мен латын графикасын енгізу Қазақстан халқына үлкен септігін тигізетініне сенімдімін. Латын әліпбиіне көшу арқылы біз өз тіліміз бен мәдениетіміздің өркендеуі мен дамуының мүмкіндіктерін арттырамыз. Әлемдік экономикалық, ғылыми және мәдени жетістіктерге жақындай түсеміз. Бұл Қазақстанның дамуына үлкен серпін береді.

Кейін қалалық білім беру бөлімінің қызметкері А.Доржанова латын әліпбиіне көшуге байланысты мектептерде іске асырылатын шаралар туралы хабардар етті:

- Алдағы екі жылда біздің барлық ресурс педагогтарды латын әліпбиіне үйретуге бағытталатын болады. Мектептерде латын әліпбиінде оқыту үрдісі тек 2020 жылы басталады. Ол кезге қарай латын графикасымен жазылған жаңа оқулықтар мен жаңа әдістемелер шығарылады.

Сонымен қатар жиын барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты қойылған мақсаттар да талқыланды. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының өкілдері мен облыс орталығы мектептерінің қызметкерлері Л.Әбілмажинова, С.Кабидоллина мен тағы да басқалары бұл бағдарламаны іске асыру мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтып берді. Олардың айтуынша, мектеп оқушылары мен ұстаздардың тарихи және этнографиялық музейлерге бару шаралары жаңа серпінге ие болды. Экскурсиялар Қазақстан тарихы пәнінің оқу жоспарларында міндетті түрде қарастырылған. Олар тегін жүргізіледі. Ағылшын тілін оқыту үдерісі де қарқынды жүріп жатыр.

Отырыс соңында қатысушылар Президенттің бастамаларын толыққанды қолдайтындықтарын және оларды іске асыруға белсене қатысатындықтарын мәлімдеді.

ҚКХП ШҚОБ Баспасөз орталығы

VKO6VKO6VKO6VKO6VKO6VKO6

Прочитано 38 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.