Вторник, 06 марта 2018 10:04

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

2018 жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілді.

Стратегиялық құжатқа барлық мегатрендтердің ішінен  негізгі бес топ таңдап алынған: әлеуметтік, технологиялық, экономикалық, экологиялық және саяси. Біздің ойымызша, олардың әрқайсысын тиімді іске асыру ел ғалымдарының ұсынып отырған ғылыми-дәйекті тәсілсіз мүмкін емес.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында елдің экономикалық және технологиялық серпілісінің негізі ретінде қазақстандық ғылымның әрі қарай дамуына құқықтық, экономикалық және әлеуметтік қолдау айқындалған.

Мемлекеттің Қазақстан ғалымдарын қолдау үшін қабылдап жатқан  шараларына қарамастан, біз ғалымдардың Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қатысты шағымдарының еріксіз куәгерлері болып отырмыз. Әсіресе ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет субъектілері арасында  ғылым гранттарын үлестіру конкурстарын ұйымдастыру мен өткізу барысында талаптардың бұзылуына қатысты.

Ғылыми қауымдастық  Мемлекет басшысына жолдаған ашық мәлімдемесінде Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын  ғылыми жобаларды іріктеу бойынша шешім қабылдауға құқылы Ұлттық ғылыми кеңестердің құрылуы барысында жіберілген кемшіліктерді ерекше атап өтті.

Осы олқылықтар «Ақ жол» фракциясындағы әріптестеріміздің Қазақстан Республикасы Үкіметіне депутаттық сауал жолдауға түрткі болды.

БАҚ-та құзыретті орган Ғылым комитеті мен  ғалымдар арасында үлкен дау туындады.           Қазіргі таңда Кеңестердің легитимсіздігі туралы мәлімдеме жасаған және туындаған жағдайдың мән-жайын анықтау қажеттілігі туралы ресми өтінішке қол қойған ғалымдарға қысым көрсетіліп жатқандығы туралы ақпарат түсіп жатыр.

Білім және ғылым министрлігі заңға сәйкес іс әрекет жасағанда ғылыми жанжалдың алдын алуға болар еді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бюджеттік қаражатты заңсыз игеру мен жұмсауды болдырмау мақсатында Сізден сұрайтынымыз:

1) Ұлттық ғылыми кеңестер құрамының нормативті құжаттарын заңнамалық талаптарға  және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылым қоры» АҚ өткізген ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциалау конкурсын тексеру.

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 2018-2020 жылдарға ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды өткізуге гранттарды қаржыландыру келісімдеріне қол қоюды тоқтату мәселесін  және Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның 2018-2020 жылдарға бағдарламалық-мақсатты қаржыландырылу жобаларын қарастыру.

Жауапты заңнамада бекітілген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен, «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары:

И. Смирнова

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

К. Косарев

М. Магеррамов

Т. Сыздықов

07.03.2018 жылы жарияланды

Прочитано 35 раз
Другие материалы в этой категории: « ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.