Понедельник, 19 марта 2018 10:05

С.Сұлтанғалиев Ұлыбритания елшілігінің өкілдерімен кездесті

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 12 наурызында ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде ағылшындықтардың бастамасымен Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің саяси мәселелер жөніндегі хатшысы Джеки Дэвиспен кездесу өтті.

Кездесудің басты  мақсаты саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиевпен Қазақстанның ішкі саяси жағдайы, транзиттік кезең және оның даму түрлері туралы әңгімелесу болды. 

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар қоғамдық-саяси үдерістердегі Қазақстан Коммунистік Халық партиясының рөлі мен саяси-партиялық алаңы туралы тілге тиек етті. Әңгіме барысында С.Сұлтанғалиев елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығы туралы ерекше атап өтті. Сондай-ақ, қоғамның саясиланған бөлігі өтпелі кезеңге үмітпен артып отырғандығын, бұл тақырыпқа қатысты сарапшы-саясаттанушылардың материалдары да көптеп жарық көріп жатқандығын айтты.  Саясаттанушының айтуынша, Қазақстан парламенттік-президенттік республиканың соңғы  нұсқасына қадам басып келеді: «Біз міндетті түрде батыс елдерінде қалыптасқан демократияның нұсқасына келеміз, бірақ ол үшін уақыт қажет – басқарудың заманауи формасынан барлық қоғамдық-саяси үдерістер ресми түрде мемлекет басшысы қызметін атқармайтын беделді басшының бақылауында болатын ирандық модель арқылы  парламенттік-президенттікке дейін жетеміз».

Встреча 2С.Сұлтанғалиев партия мен билік тақырыбын қозғай келе, елдің жетекші партиялары ретінде үш парламенттік партия «Нұр Отан», «Ақ жол» және ҚКХП-ны атап өтті. Коммунистер кез келген парламенттік сайлауда осы үш партия ғана сайлау кампаниясының фавориті болатынына сенімді.  Басқа көзқарас, партиялардың саяси тәуелсіздігіне қатысты сұраққа саясаттанушы,  Қазақстанда саяси қызмет еркіндігі бар екендігін айтты. Сонымен қатар парламенттік партиялардың депутаттық фракциялары белгілі бір мәселеге қатысты  мемқұрылымдардың қызметіне тұрақты түрде сын айтып отырады.

ҚКХП-ның қазіргі заманғы идеологиясына қатысты сұраққа С.Сұлтанғалиев, ҚКХП «КОКП-лық» емес, марксистік форматтағы жаңа коммунистік партия екендігін айтты.  Ол әлеуметтік-экономикалық модель  таңдауда ҚКХП-ның басты бағдары  ретінде коммунистік партия басқарушы партия болып табылатын Қытай Халық республикасын мысалға келтірді.

ҚКХП Баспасөз қызметі

Прочитано 15 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.