Вторник, 27 марта 2018 18:06

Семейлік коммунистер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Мамандықпен танысу» кездесуін өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 26 наурызында ҚКХП Семей қалалық комитеті №8 балалар   үйінің тәрбиеленушілеріне кәсіпорындар мен жеке бизнес өкілдерімен және Ұлттық ұлан қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты  тәрбиеленушілердің ой өрісін кеңейту, олардың мамандық туралы білімін жүйелеу, еңбекке баулу және қызығушылық таныту болды.

Семей қалалық комитетінің хатшысы Оксана Шишкина: - Мамандықтар әлемінде өз орныңды таба білу оңай емес. Бұл жастар үшін үлкен мәселе. Мамандықты дұрыс таңдай білу әр адамның үлкен өмірдегі  орнын айқындайды. Мамандық таңдау үшін сол мамандық иесінің қандай жұмыс атқаратынын білу қажет. Бұл туралы мамандық иелері ғана толық ақпарат бере алады. Сол үшін біз бүгін үлкен кәсіби және өмірлік тәжірибелері бар адамдарды шақырып отырмыз, - деді.

Балалар алдында «Силикат» ЖШС директоры М.Адиянов, «Семэлектромонтаж» ЖШС директоры Э.Байтанов, жеке кәсіпкер Г.Трунова, «Кәусар» медициналық орталығының директоры М.Салиғожина,  Ұлттық ұлан майоры, тәрбие жұмыстарының бас маманы А.Байдажинов сөз сөйледі.

Олардың әрқайсысы өздерінің өмір жолдары туралы айтып, мамандықтарының қыр-сырларымен бөлісті.

Кездесу балалар үйі тәрбиеленушілерінің  үлкен қызығушылығын оятты. Тәрбиеленушілер мамандық таңдауға қатысты көптеген пайдалы ақпаратқа ие болды.

Жиын соңында Оксана Шишкина мамандық таңдай білу, сол мамандықтың кәсіби иесі атану үлкен еңбектің жемісі екендігін айтты. Сонымен қатар өзіңнің көңіліңдегі мамандықты таңдау, оны меңгеру үлкен жетістіктердің бірі екенін ерекше атап өтті.

ҚКХП ШҚОК Баспасөз орталығы

Semey2Semey2

Прочитано 70 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.