«Мен, менің отбасым және көптеген туыстарым келесі сайлауда тек қана халық коммунистері үшін дауыс береміз. Бұл партияның қарапайым адамдардың мәселелеріне бей-жай қарамайтындығына көзім жетті», - дейді фермер Азамат Акпаев.
«Біз комсомолдықтарды шаруа қожалығына арнайы алып келдік, жастар шаруалардың ауыр еңбегін көзбен көріп, ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамыту оңай еместігін білсін дедік. Біздің партия Президенттің бес әлеуметтік бастамасын толыққанды қолдайды. Бұл бастамалар халықтың, әсіресе ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартып, азаматтар арасында жұмыссыздық деңгейін азайтуға септігін тигізеді деген сенім бар», - деді ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов.
ҚКХП БҚОК Баспасөз қызметі