Пятница, 30 марта 2018 15:49

Алматы облыстық комитеті «Мамандықпен танысу» акциясын өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

Болашақ мамандықты таңдау – әрбір адамның өміріндегі шешуші әрі жауапты қадам. Таңдап алынған мамандық адамның болашақ өмірін айқындайды. Қазіргі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие, өз мамандығың бойынша кәсіби білімді қай жерден алуға болады? ҚКХП Алматы облыстық комитетінің «Мамандықпен танысу» акциясы осы сұрақтарға жауап беруге тырысты.

Мектептердегі демалысқа қарамастан халық коммунистері оқушылар мен «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мамандықпен танысу шарасын өткізді. Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің үгіт тобы мен өндірістік оқу шеберлері қатысушыларға жұмысшы мамандықтар туралы толық мағлұмат берді. Колледж дәнекерлеуші, ағаш шебері,  токарь, дөңгелек жөндеуші, авто ұста, жиһаз өндірісінің шебері мамандықтарына дайындайды.  Өндірістік цехтардың жетекшілері кез келген мамандық техникалық қауіпсіздіктен басталатынын, содан соң теория мен тәжірибелік дағдыға ұласатынын айтты. Өндіріс меңгерушісі «Метакон», «Қайнар» сияқты қаланың ірі кәсіпорындарындағы токарь және дәнекерлеуші мамандары колледждің түлектері екенін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында ҚКХП Алматы ОК ҚКЖО жетекшісі О.Ибрагимов оқушыларды мамандық таңдауға үлкен жауапкершілік танытуға шақырып, мемлекеттік бағдарламалар еңбек адамының мәртебесін асқақтатуға бағытталғандығын және бұл мамандықтар әрқашан сұранысқа ие болған және бола да бермек екендігін айтты. Колледж әкімшілігі кәсіби бағдар акциясын ұйымдастырғандары үшін халық коммунистеріне алғыстарын жеткізді.

ҚКХП Алматы ОК

11111111111111

Прочитано 101 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.