Пятница, 30 марта 2018 15:57

ДЕПУТАТТАР ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫН ТҮСІНДІРУ ҮШІН АЙМАҚТАРҒА АТТАНДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары аймақтарды аралауға шықты.   29 наурыз - 6 сәуір аралығында халық қалаулылары Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асырудың тетіктерін түсіндіріп, жергілікті халықпен кездесулер өткізеді.

Алматыға іссапармен «Халық коммунистері» фракциясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттары Галина Баймаханова мен Ирина Смирнова келді. 29 наурыз күні ҚКХП Алматы ҚК кеңсесінде депутаттар партия активімен кездесті.

Депутаттар ҚР қабылданған заңдары мен кодекстері, Мәжіліс қызметі мен «Халық коммунистері» фракциясының жұмысы туралы хабардар етті. Президенттің бес әлеуметтік бастамасының тетіктерін түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.

 Г.Баймаханованың айтуынша, жаңа заң жобалары бойынша қарқынды жұмыс жүріп жатыр, фракция оған белсене атсалысуда.

Сапар барысында депутаттар еңбек ұжымдарымен, оқытушылармен және студенттермен, журналистермен, ҮЕҰ кездесулер өткізеді.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Прочитано 60 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.