Пятница, 30 марта 2018 18:20

Шымкентте «Мамандықпен танысу» акциясы аясында өндіріс ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті Шымкент қаласының техникалық колледжімен бірлесе «Мамандықпен танысу» акциясын өткізді. Акция барысында жоғары сынып оқушылары «Электроаппарат» ЖШС өндіріс ардагерлерімен, инженер-механик, директор орынбасары Альберт Толщинмен және азық-түлік өндірісінің инженер-технологы Күлзада Алдабергеновамен кездесті.

Болашақ түлектер шақырылған қонақтардың әңгімесін тыңдап, мамандыққа қатысты қызықтырған сұрақтарын қойды.

Кездесуде колледж директоры Б.Айтбаев төртінші өнеркәсіптік революция, мемлекеттік цифрландыру бағдарламасы мен техникалық білімнің маңыздылығы туралы айтып берді. ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Н.Қадырқұлов жастардың ҚКХП, партияның бағдарламасы мен мақсат-міндеттеріне қатысты сұрақтарына жауап берді.

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан ОК

Yuko5Yuko5Yuko5Yuko5

Прочитано 44 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.