Среда, 11 апреля 2018 12:50

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі

М.Б. Бекетаев мырзаға

Депутаттық сауал

Құрметті Марат Бақытжанұлы!

Қазіргі уақытта еліміздің азматтарының арасында нотариустың қызметін пайдаланбайтын адам кемде-кем. Экономикалық қатынастарда да нотариат қызметінің алар орыны зор. Нотариус – мемлекеттің өкілі және азаматтық қоғамның институты бола отыра нотариат мәмілелерді келісу және шарттарды жасау сатысында қоғамның құқық қорғау жүйесінің бір бөлігі ретінде дауларды болдырмауға жағдай жасап, азаматтық-құқтық даулардың соттарда қаралуын едәуір жеңілдетеді.

Олар қызмет көрсете отыра азаматтардың ниеттерін куәландырып, қолда бар қазғаздардың заңды көшірмелерін жасайды.

Тиісті заңға сәйкес, нотариаттық қызмет 2012 жылы қабылданған Нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегi ереже бойынша көрсетіледі.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың, кәсіпкерлердің құқытық және мүліктік қарым-қатынастарын реттейтін осы құжаттың маңыздылығында күман жоқ, әйтсе де соңғы кездері кейбір салаларда пайда болған ерекшеліктер ескерілмей отыр. Себебі осы уақытқа дейін бұл құжатқа бірде-бір өзгеріс енгізілмеген.

Қоғамымызда кең етек алған дау-дамайлардың ең ауқымдысы – құрылыс саласындағы үлескерлер мен пай салымшыларының сотқа жиі жүгінуінің бір себебі осы Ережеде жатқан сияқты.

Дағдарысқа ұшыраған кейбір құрылыс компаниялары құрылыс объектілеріндегі бос пәтерлер мен бос алаңдарды өз туыстары мен жақындарына, тамыр-таныстарына, тіптен құрылыс материалдарын жеткізбеген өнім берушілер және қызметін көрсетіп үлгермеген субмердігерлерге рәсімдеп жалған сатып алу және сату шартарын жасаған. Мақсатттары өз активтерін жасыру және жауапкершіліктен сытылып шығу.

Баюды көксеген кейбір азаматтар бес, он және одан да көп пәтерлерді, офистерді және автотұрақ орындарын тегін не арзан бағаға сатып алып, құрылыс аяқталмай жатып нарықтық бағамен басқа азаматтарға сатуды кәсіп қылған. Олар сол құрылыс компаниясының риэлторлары мен бұрынғы қызметкерлері.

Мұнадай мәмілелер - Цессия шарты бойынша сатылып отырған. Осындай шартпен цедент талап ету құқығын цессионариге тапрсырады.

Аталған шарт біздің заңнамада көзделгенімен сатушыға салық төлеу міндеті қарастырылмаған және сатушы сатып алушымен келісе отырып, цессия шартында өзі алған ақшадан әлдеқайда аз соманы көрсететін болған. Бұл салықтан жалтару мақсатында жасалатын айла. Бос шаршы метрлерді жасыру, тегін немесе арзан бағаға сатып алып, қымбатқа сату түптеп келгенде қаражаттың құрылысқа тиісті мөлшерде жұмсалмауына әкеліп соқты. Ақшаның жетіспеушілігі құрылыстарды аяқтауға бөгет жасап отыр. Қаржыны толығымен салған үлескерлер мен салымшылар қосымша ақша салуға мүмкіндіктері жоқ немесе қорқады.

Мысалы «Номад строй» құырлыс компаниясы жоғарыдағы цессия шартын жасаған.  Құжат тек қана пай салу туралы шарты мен пәтерге толық ақша төленді деген анықтама негізінде ғана жасалынған. Ал анықтама ақша төлеу құжаты емес. Бүгінде осындай анықтамаларды құрылыс компаниялары бір ғана пәтерге бірнеше  рет жазып беруде. Көбіне осындай цессиялық шарттарды тіркейтін нотариустерді саусақпен санауға болады. Кей құрылыс компаниялары өздері ашқан нотариалдық кеңселерді пайдаланып құжаттарды тіркеген.

Нотариустер төлем құжаттарынсыз (фискалды чек немесе банк квитанциясыз) тіркеген шарттар сатып алушылар үшін бірқатар қиындықтар тудырып, өз құқықтарын дәлелдеу үшін сотқа жүгінуде.

Бұл ақшаға құныққан алаяқтарға бір пәтерді бірнеше рет сатуға мүмкіндік беріп отыр. Тек қана 2016-2017 жылдарғы Астана қаласында болған сот отырыстары және қабылданған үкімдер соған куә.

Мысалы осындай жағдай «Столичный-2» тұрғын үй кешенінде орын алды (сот шешімі қоса беріліп отыр). «Төленді» тұрғын-үй құрылыс коопертивінің төрағасы 13 пәтерді 26 азаматқа сатқан. Яғни бір пәтер екі реттен сатылған.

Кеше ғана арзан бағаға түскен пәтерді қымбатқа сатып талайларды қан-қақсатып байыған  оптовикетер - көтерме бағамен сатып алушылар және активтерін жасырған құрылыс компаниясының басшылары мемлекет бағдарламасын пайдаланып тағы да тегін пәтер алуы ғажап емес.

Осындай алаяқтық схемалардың нәтижесінде милиардтаған қаржы құрылысқа түспей пысықай кәсіпкерлердің қалтасында кете барғаны анық. Жалған кәсіпкерлікпен күресу үшін тез арада қолданыстағы заңнамаға келесі өзгерістер енгізу қажет деп санаймыз:

Салынып бітпеген үйлер мен тұрғын емес үй-жайларды Цессия шартымен сатуға тиым салу немесе осындай шарттарға салық салу, яғни Салық кодексіне өзгерістер енгізу.

Жоғарыда аталған Ережеге тиісті өзгерістер енгізіп шартты жасау кезінде нотариус сатушыдан міндетті түрде төлем құжаттарын, банк түбіртегін немесе фискалды чекті талап етіп, олардың түпнұсқасын сатып алушыға, цедентке берілуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл өз кезегінде бір пәтерді бірнеше рет сатылуына тосқауыл қояр еді және өз активтерін жасырмақ болған құрылыс компанияларына цессия шартымен өз туыстарына рәсімдеуге жол бермес еді.

Қосымша: 1 дана 86 парақтан тұрады.

Құрметпен, «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:

Т. Сыздықов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

2018 жылғы 11 сәуірде жарияланды

Прочитано 42 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.