«Көктемгі шақырылым» акциясы аясында облыс орталығының тұрғындарына 80 астам үгіт парақшалары таратылды. Халық коммунистері мен партия жастары азаматтарды ҚКХП-ның ұстанымдарымен таныстырып, ҚКХП ШҚОК қоғамдық қабылдауына шақырды. Сондай-ақ қала тұрғындарын ШҚО-да көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасылар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету үшін партияның «Шапағат» жобасына атсалысуға үндеді.
ҚКХП ШҚОК Баспасөз орталығы