Вторник, 17 апреля 2018 15:30

Сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен некеге тұру және ажырасу жағдайы көп тіркеліп жатыр. Ажырасу барысында ортақ балаларға деген құқықтарды талап ету үлкен текетіреске әкеліп соқтырады.

Сот шешімін күтпестен ерлі-зайыптылардың бірі, өзге мемлекеттің азаматы баланы Қазақстан аумағынан алып кеткен жағдайлар болған. Сыртқа кеткен баланы қайтару өте қиын, тіпті кей кезде мүмкін де болмай жатады. Қолданыстағы заңнамаға сай бала ата-ананың  біреуімен қазақстандықтар визасыз қатынай алатын елдерге уақытша шыққан жағдайда екінші ата-ананың рұқсаты қажет емес.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай,  шетелге ешқандай кедергісіз уақытша шығу тұрақтауға ауысып кетуі мүмкін, әсіресе ата-ана өзге елдің азаматы болған жағдайда.

Соңғы кездері сайлаушылармен кездесу барысында соттың нақты шешіміне дейін ата-ананың біреуімен  визасыз елдерге  шығуға тыйым салу механизмін құру қажеттігі туралы ұсыныстар айтылып жатыр.

 Мысал ретінде Ресей Федерациясын келтіруге болады, бұл елде ата-ананың біреуі көші-қон қызметіне РФ азаматы, яғни баласының елден тыс шығуға қарсы екендігі туралы өтініш жаза алады. Өтініш қабылданып, іске асырылады.

 Бізде халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру сұрақтары бойынша айналысатын орган мұндай өтініштерді қабылдамайды және тіркеу жүргізбейді.

 Осыған орай мынадай ақпарат ұсынуыңызды сұраймын:

Алдағы уақытта бұл мәселені шешу жоспарда бар ма?

Мұндай мәселелер бойынша статистика жүргізіледі ме? Егер де жүргізілсе, ұсынуыңызды сұраймын.

А.Қоңыров

Прочитано 64 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.