Вторник, 17 апреля 2018 18:00

Атырау облысы кәсіпкерлерінің форумы

Оцените материал
(0 голосов)

5 сәуір күні ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелеріне арналған Атырау облысы кәсіпкерлерінің форумына қатысты. Іс-шараны ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

Форум аясында бизнес және атқарушы билік өкілдері шағын және орта кәсіпкерлікті құру мен дамыту барысында пайда болатын кедергілерді жою мен өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады.

 Кездесуде соңғы бес жылда облыстық бюджеттің өзінен кәсіпкерлікті дамытуға 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгендігі айтылды. Сондай-ақ, ауыл кәсіпкерлерін қолдауға ерекше назар аударылады. Қазіргі таңда  өңдеу саласындағы субъект санының артқандығы байқалып отыр.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша уәкілетті өкіл Б.Палымбетов өз баяндамасында бірнеше  статистикалық мәлімет келтірді. Оның айтуынша, соңғы екі жылда бизнес-омбудсменге қазақстандық кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша 12420 арыз келіп түскен. Атырау облысы бойынша 378 арыз, оның 189 оң нәтижемен шешілген. «Біздің орталыққа кәсіпкерлерден келіп түсетін арыздардың 90%-н жергілікті деңгейде шешуге болады. Шағымдар көбінесе жер, салық, құрылыс, мемлекеттік сатып алу бойынша түседі. Бұл туралы біз жергілікті атқарушы билік өкілдерімен кездесу барысында да айтамыз», - деді Б.Палымбетов. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызмет саласын цифрландыру көптеген мәселелерді шешуге септігін тигізетіндігін айтты.

forum9forum9forum9forum9forum9forum9forum9forum9

Прочитано 69 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.