Вторник, 17 апреля 2018 18:45

Атыраулық коммунистер «Шапағат» жобасы аясында акция өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

9 сәуір күні ҚКХП Атырау ОК белсенділері «Шапағат» халықтық жобасы аясында Әлеуметтік бейімделу орталығында тұрақты мекен-жайлары жоқ азаматтарға  киім үлестіріп берді.

ҚКХП Атырау облыстық комитеті алдағы уақытта да киімдер мен қажетті заттарды, ойыншықтар мен жиһаздарды қабылдау және үлестіру жұмыстарын және әлеуметтік акциялар өткізуді жалғастыратын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының «Шапағат» жобасы киімдер мен қажетті заттарды өмірдің қиын жағдайына тап болған азаматтарға үлестіру үшін қабылдайды. Жобаны іске асыру барысында ҚКХП Атырау ОК  ерлер мен әйелдерге және балаларға арналған киімдерді, тұрмыстық заттар мен техниканы, электрқұралдарын,  ойыншықтар мен кітаптарды, канцелярлық тауарлар мен ыдыс-аяқты мына мекен-жай бойынша қабылдайды: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 17 үй,  13/3 кабинет.

ҚКХП Атырау ОК Баспасөз қызметі

Shapagat9Shapagat9Shapagat9Shapagat9Shapagat9Shapagat9Shapagat9Shapagat9

Прочитано 49 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.