Среда, 18 апреля 2018 11:43

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Мемлекет басшысы 2017 жылдың қазан айында Энергетика министрлігін ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен нашар қамтып отырғандығы үшін сынға алған болатын.

АИ-92 бензинімен жағдай тұрақтандырылды, бірақ «Халық коммунистері» фракциясы депутаттарының кездесулерінде азаматтар АИ-80 маркалы бензинге қатысты алаңдаушылықтарын жеткізді.

ЕАЭО аясында автокөлік бензиніне қатысты Кедендік одақтың «Автомобильді және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын мен мазутқа қатысты талаптар туралы» техникалық регламенті жұмыс жасайтыны белгілі. Бұл регламентке сай және К4 пен К5 экологиялық санаттарға көшуге байланысты 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан аумағында К2 және К3 экологиялық санаттағы отынды өндіруге және импорттауға тыйым салынған.

 Бұл техрегламент АИ-80 (К4 және К5) бензинін өндіруге және импорттауға тыйым салмайды, дегенмен көптеген жанар-жағармай бекеттерінде ол жоқ.

 Бірқатар кәсіпорындар мен азаматтар, соның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобы АИ-80 маркалы бензинімен жұмыс істейтін көлік құралдарын пайдаланады. Атап айтсақ, бұл ауыл шаруашылығы және коммуналды техника, ЗИЛ, ГАЗ, УАЗ, ЗАЗ, ЕРАЗ, ИЖ маркалы автокөліктер, мотоциклдер, мотоарбалар, қайық моторлары, аралар, саяжайлық моторлар, мүмкіндіктері шектеулі жүргізушілер жүргізетін көлік құралдары.

 ІІМ мәліметі бойынша, АИ-80 маркалы бензинді пайдаланатын автомотокөлік құралдарының саны 484 692 бірлікті құрайды. Оның 356 231-і көлік құралдары, 138-ін мүмкіндіктері шектелуі жүргізушілер басқарады, ал 128 461-і мотокөліктер.

АИ-80 маркалы бензиннің бұрынғы бағасын есепке алсақ, АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы одан екі есе қымбат.

 АИ-80 маркалы бензин бағасының қымбаттауы АӨК-да, тұрғын үй-коммуналды шаруашылықта, тасымалдау саласында кері мультпликативті әсерге ие,  сонымен қатар баға мен тарифтердің өсуіне, инфляцияға әсер етеді, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобына өте ауыр тиеді.

АИ-80 маркалы бензинін еркін сатып алу мүмкіндігі болмаса, жоғарыда аталған автокөлік иелері АИ-92 бензинін сатып алуға мәжбүр болады. Ал бұл жоғары октанды бензинге сай отын жүйесі мен көлік құралдарының агрегаттарын қайта жабдықтауды қажет етеді. Бұл өз кезегінде кәсіпорындар мен азаматтардың бюджеттік жағдайларына нұқсан келтіреді. Кейбір көлік құралдары мен агрегаттар мүлдем жаңартуға жатпайды.

«Халық коммунистері» фракциясы АИ-80 маркалы бензиннің бағасын мемлекеттік реттеуді және жаппай өндіруді тоқтату мезгілсіз және елдің азаматтары мен кәсіпорындарының  мүддесін қорғауды қамтамасыз ету үшін Үкіметке шара қабылдау қажет деп санайды.

«Халық коммунистері»

фракциясының депутаттары         

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

18.04.2018 жылы жарияланды

Прочитано 71 раз
Другие материалы в этой категории: « Сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.