Вторник, 24 апреля 2018 15:50

Астана қалалық комитеті В.И. Лениннің туған күніне арналған салтанатты жиын өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

20 сәуір күні ҚКХП Астана қалалық комитетінің мүшелері бірінші хатшы Марат Әубәкіровтың басшылығымен ҚР Ұлттық музейінде әлемдік пролетариат көсемі Владимир Ильич Лениннің туған күніне арналған салтанатты жиын өткізді.

Іс-шараға партияның ардагерлері мен мүшелері қатысты. Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы М.Әубәкіров барлық қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады.  Марат Әубәкіров өз сөзінде Лениннің социализм қалыптастырудағы, Қазақ АКСР дамуындағы рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар адамзат тарихындағы елеулі оқиға Ұлы Қазан революциясы туралы да көп айтылды. Қазан революциясының біздің тарихымызда, Қазақстан тарихында алар орны ерекше. Бұл қазақ халқының даму бағытын айқындаған социализмнің уақытша үкіметпен күресі. Бұл күрес халықтар достастығын нығайтып, оларды біріктіре түсті.

Владимир Ильичтің бағындырған белестері туралы көп айтуға болады, бірақ оның социализм құрудағы, еңбек адамына басымдық берудегі, қуатты мемлекет қалыптастырудағы еңбегі ешқашан ұмытылмайды.

Gorkom6Gorkom6Gorkom6Gorkom6Gorkom6

Прочитано 74 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.