Вторник, 24 апреля 2018 17:41

Мамандық таңдау – үлкен өмірге жолдама! Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 24 сәуірінде ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы, «Құлыншақ» балалар үйі Қамқорлық кеңесінің мүшесі Александр Зевахин «Мамандық таңдау  –  үлкен өмірге жолдама» атты балалар үйі түлектерімен кездесуге қатысты.

Балалар үйінің түлектері өздерінің таңдап алған болашақ мамандықтарының таныстырылымын жасап, өз мақсат-міндеттерімен бөлісті. Балалар арасында техникалық мамандық таңдағандар да болды, ал бір түлек өзінің бизнес-жобасы туралы айтып берді.

- Балалар саналы түрде  болашақ мамандықтарын таңдап отыр, бұл балалар үйіндегі педагогикалық ұжым жұмысының жарқын көрсеткіші. Қамқорлық кеңес мүшелері үшін кәсіби бағдарлау жұмысының оң нәтижесін көру үлкен қуаныш, - деді Александр Зевахин.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің де бұл жұмысқа қосқан үлесі бар. 29 наурыз күні ҚКХП Қарағанды ОК жетекшілігі мен активі «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін тау-кен-индустриалды колледжді негізіндегі шахта-музейіне экскурсия ұйымдастырды.

karag12karag12karag12karag12karag12karag12karag12karag12karag12karag12karag12karag12

Прочитано 78 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.