Среда, 25 апреля 2018 09:30

ШҚО коммунистері әлем пролетариаты көсемінің туған күнін атап өтті

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 22 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының халық коммунистері әлемдегі алғашқы социалистік мемлекеттің негізін қалаушы В.И. Лениннің Өскемен қаласындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою акциясын өткізді.

Соңғы жылдардың дәстүрі бойынша обкомның белсенділері екінші хатшы Сергей Михеевтің басшылығымен кеңес дәуірі ескерткіштері аллеясында жиналды. Облыстық комитеттің белсенділері В.И. Лениннің ескерткіші жанында митинг өткізді.

Сергей Михеев өз сөзінде социализм туралы лениндік ілімнің басты ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

Тарихшы Игорь Додонов қатысушыларға Ленин ескерткішінің авторы Е.В.Вучетичтің өмірлік және шығармашылық жолы туралы айтып берді. Нью-Йорк, Мәскеу, Берлин сияқты қалалардың сәнін келтіріп тұрған кеңес заманының үздік туындыларын дүниеге әкеген ұлы  мүсінші ақ гвардияшыл офицердің отбасында дүниеге келген. Анасы француз қызы болған. Дегенмен бұл факт кеңестік бейнелеу өнеріне қосқан үлесі үшін болашақ бес Сталиндік және Лениндік премия иегерінің тағдыры мен мансабына ешқандай әсер етпеген.

Партияның басқа да белсенділері В.И. Ленин ең алдымен қарапайым адам болғандығын, оған да махаббат, достық, жақынға деген бауырмалдық сезімдері тән болғандығы туралы оның өмірінің басқа да қызықты фактілерімен бөлісті.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен соң, бір топ белсенділер Ленин туралы әңгімені жалғастыру үшін обкомның кеңсесіне бет алды.

ҚКХП ШҚОК Баспасөз орталығы

vko56vko56vko56vko56vko56

Прочитано 15 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.