Среда, 25 апреля 2018 13:30

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Астана маңында Азық-түлік белдеуін құру қажеттілігі 2011 жылдың көктемінен бері талқыланып келеді. Барлық ресми шаралар орындалды, жиындар өткізілді, жұмыс тобы құрылды, іске асыру бойынша іс-шаралар кешені қабылданды, тапсырмалар да үлестірілді.

Алайда мәселенің оңтайлы шешілуі жобаны ұйымдастырушы билік басынан кетіп, қайта оралып жатқан шенеуніктердің оптимистік мәлімдемелерінен аспай тұр.

Астанаға жақын жердегі аудандарда сапалы азық-түлік өнімін өндіру  және елорда нарығына оны тікелей жеткізу Азық-түлік белдеуін қалыптастыру бағдарламасына сәйкес сәтсіздікке ұшырады. Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс және елорда әкімдіктерінің  жұмысын қатал, бірақ әділ бағалауы бұл мәселеде АӨК дамыту бойынша атқарушы құрылым қызметін, АӨК дамыту міндеттерін іске асыру барысында қабылданған басқарушылық шешімдердің, атқару тәртібінің төмен тиімділігі мен абстрактілігін көрсетіп отыр.

Бұған көз жеткізу үшін Астананың кез келген супермаркетіне кіру жеткілікті.  Олар импорттық азық-түлікке лық толы. Соңғы екі жылда 42 миллиард теңгеге импорттық тауар әкелінген. Жергілікті фирмалардың жағдайы біздің агроөндірістік кешеннің шынайы жағдайын бейнелеп тұр.

«Родина», «Ижевская», Малиновка,  Зеренді мен Бурабай аудандарының қалыптасқан бірқатар агрофирмаларының  өнімдеріне 30 пайыз ауқымды орын бөлінген.  Бірақ жеміс-жидек пен көкөністер мүлдем жоқ, субарендаторлар сатып тұрған тауардың сапасы күмән туғызады. Жарнама мүлдем жоқ, сатушылар өндірушіні де өнімнің жарамды мерзімін де білмейді. Сиыр, жылқы, қой еттері болса сын көтермейді. Ал бағалары нарықтағы бағадан төмен емес. Қалған 70 пайыз орынды да негізінен импорттық тауарлар құрап тұр.

Қияр, қызанақ, орамжапырақ және басқа да көкөністер оңтүстік аймақтардан және шетелден келеді. Жалғыз ғана өндірістік «Эко Стандарт» жылыжайы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Астана әкімдігінің қолдауынан тыс қалды. ЖЭС-тің арзан буы есебінен шығынды үнемдеу бойынша бастапқы идея іске асырылмады. Шаруашылық үшін электр қуаты жолдың ар жағында орналасқан ЖЭС-тан бірнеше делдалдар арқылы өткеннен соң 3 есе қымбатқа түсіп отыр. Біздің селекционерлердің жұмыс нәтижелері ешқандай түсініктемені қажет етпейді – дәнді-дақылдар тұқымы алыс шетелден адам айтқысыз бағамен әкелінеді. Мұның барлығы жылыжай ұжымына толыққанды жұмыс істеп, дамуға мүмкіндік бермей отыр. Биліктің мұндай қарым-қатынасы қаланы азық-түлікпен қамту сияқты маңызды бағытты дамытуға ынталандырмайды. Сондықтан болар Астананың 8 көкөніс сақтау қоймасының жартысы бос тұр, ал қалған 4-і 50-60 пайызға ғана толтырылған.

Осы күнге дейін бес бөлімі жұмыс істеген Астана қ. ауыл шаруашылығы басқармасы жылдар бойы немен айналысқан? Аймақ әкімдіктері қызметінің төмен тиімділігі немен байланысты? Бұл мәселелерді шешуде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың рөлі түсініксіз болып тұр. Бұл сұрақтар біздің сайлаушыларды мазалап  жүр, оларға бұл жүгенсіздік қалыптасқан жағдай көңілдерінен шығып отырған шенеуніктердің қатысуынсыз болып жатқанын түсіндіру қиын.

Халықты мемлекеттің қалыптасу жылдарында қиын жағдайдан алып шыққан саяжай кооперативтеріне қатысты Үкіметтің көзқарасы да түсініксіз. Осы күнге дейін олардың қызметін реттейтін заң жоқ. Ал олар нарықты жеміс-жидекпен және көкөністермен толықтырудың, баға қалыптастыруға ықпал етудің қайнар көзі ғана емес, сонымен қатар жастарды еңбекке баулудың, олардың ауыл шаруашылығы өндірісіне қызығушылығын жаңғыртудың мектебі болар еді.

Біз Үкіметке құзыретті органдармен бірлесе отырып:

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша талдау жүргізу, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін агроөндіріс кешендерінің барлық кезеңдерін дамыту, даму бағдарламаларына түзету енгізу барысында барлық оң тәжірибені, қателерді анықтау арқылы Астана маңында азық-түлік белдеуін құру;

Алдағы уақытта даму бағдарламаларын іске асыру барысында ұжымдық жауапсыздық фактілерінің алдын алу үшін министрліктердің, жергілікті атқарушы құрылымдардың, Президенттің Астана маңында азық-түлік белдеуін құру туралы тапсырмасының сәтсіздікке ұшырауына нақты атқарушылардың жауапкершілік деңгейлерін анықтау;

Қоғамға нақты орындалу мерзімі мен жауапты тұлғалар белгіленген, елорданы отандық, экологиялық таза азық-түлікпен қамтамасыз етудің шынайы бағдарламасын ұсыну.  Бұл жұмысқа барлық аймақтарды және жергілікті ӘКК кіргізу;

Ел аумағында бұрыннан өндірілетін өнімдердің импортын кезең кезеңмен қысқартуға жағдай жасау, азық-түлікпен үздіксіз және сапалы түрде қамту үшін әкімдіктерді Астана қ. маңында, басқа да мегаполистерді мамандандырылған кооперативтерді дамытуға бағыттау;

Саяжай кооперативтерін дамыту бойынша заң қабылдау бастамасын көтеру. Олардың негізгі даму мәселелерін шешу үшін мемлекеттік қолдаудың іс-шаралар кешенін құрастыру, олардың өнімдерін өткізудің механизмдерін қарастыру;

Баға қалыптастырудың пәрменді механизмін құрастыру, өндіруші мен сатып алушы арасында алшақтықты қысқарту, арадағы паразиттік делдалдарды жою;

Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Астана қ. әкімдігіне «Эко Стандарт» ЖШС жылыжайдың жылу және электр қуатын арзандатуға қатысты мәселесін шешу, бұл жұмысты дамытудың тұрақты механизмі іске қосылғанға дейін жүргізу, кәсіпорынды жоғары сапалы өнім мен қолжетімді баға эталонына айналдыру қажет деп санаймыз.

Құрметпен, «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:

Т. Сыздықов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

25 сәуір  2018 жылы жарияланды

Прочитано 82 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.