Пятница, 27 апреля 2018 10:00

ҚКХП Ақтөбе облыстық филиалының Жастар қанаты «Шахмат – ақыл-ой спорты» деген ұранмен мереке өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

Психологтардың айтуынша, шахмат ойнау адамның есте сақтау қабілетін жақсартады. Сонымен қатар, қиын сұрақтарды шешіп, күрделі идеяларды ойлап табуға септігі мол. Көптеген адамдар бұл ойынды жоғары ақыл-ой дәрежесі барларға арналған деп ойлайды. Шахмат ойнау арқылы кез-келген адам өзінің ақыл-ой дәрежесін көтере алады. Ғалымдардың дәлелдеуінше, шахмат ойыны барысында адам миының екі бөлігі де жұмыс істеп, концентрациясы жоғарылап, жылдам ойлау қабілеті жақсарады.

ҚКХП Ақтөбе облыстық филиалының Жастар қанаты «Шахмат – ақыл-ой спорты» деген ұранды ұстана отырып, ҚКЖО-ның жетекшісі А.Қ.Жетписбаеваның басшылығымен осы айдың соңғы мерекелерінің бірін дайындап өткізді.

В.И.Лениннің туылған күніне арналған Шахмат турнирі толықтай ҚКЖО-ның күшімен ұйымдастырылды.

Сайыстың жеңімпаздары ҚКХП Ақтөбе облыстық филиалының грамоталарымен мадақталып, құнды сыйлықтарға ие болды.

Жастар шахмат жарысының өте қызықты өткендігін айтып, алғыстарын білдіріп тарасты.

AktobeChess1

Прочитано 104 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.