Среда, 02 мая 2018 16:30

Бір сапта. Қарағандылық коммунистер 1 мамыр мерекесін атап өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қарағандылық коммунистер Қазақстан Халықтарының бірлігі күнін этномәдени қауымдастықтардың, спорт мектептері мен оқу мекемелері, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерімен бірге бір сапта қарсы алды.

«Шахтер» стадионынан Тәуелсіздік алаңына дейін өткен мерекелік шеру барлық жастағы қарағандылықтарды біріктіріп, тұрғындарға керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады. ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің колоннасы барлық саптан партияның белгісі бар киіммен, шарлармен, жалаулармен ерекшеленіп тұрды.  Тұрғындар қарағандылық коммунистердің қатарына келіп фото мен видеоға түсіп жатты. Кейбіреулері колоннаға қосылып «Мир-труд-май!», «Да здравствует первое мая!» ұрандарын да бірге   айтты. Қарағандының халық коммунистерінің қала тұрғындарына ерекше әсері еткені соншалықты, кейбіреулер партия қатарына қосылуға ынта білдіріп жатты.

- Бірінші мамыр біз үшін ерекше мереке, - деп атап өтті ҚКХП Қарағанды ОК бірінші хатшысы  Александр Зевахин. – Біз үшін бұл барлық Жер шары еңбекшілерінің ынтымақтастық күні және Қазақстан Халықтарының бірлігі күні. Жыл сайын дәстүрлі түрде мерекелік шеру өткізу – жергілікті биліктің керемет бастамасы!

ҚКХП Қарағанды ОК Баспасөз қызметі

karag9 1 10karag9 1 10karag9 1 10karag9 1 10karag9 1 10karag9 1 10karag9 1 10karag9 1 10karag9 1 10

Прочитано 34 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.