Четверг, 03 мая 2018 15:00

Комсомол және тың игеру Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Алматы қалалық комитетінің Жастар қанаты «Ауыл» ХДПП бірлесе отырып, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қабырғасында «Қазақстандағы тың игеру» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Іс-шара Бүкілодақтық лениншіл коммунистік жастар одағының 100 жылдығына орайластырылған, себебі комсомолдықтар тың және тыңайған жерлерді игеруге үлкен үлес қосқан.

Конференция жұмысына танымал ғалымдар, академиктер, қоғам қайраткерлері мен университет басшылығы  қатысты. ҚКХП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әлібек Шапенов және «Ауыл» ХДПП Алматы қалалық комитетінің төрағасы, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Абдулла Сапаров сөз сөйледі.

ҚКХП АҚК Ардагерлер кеңесінің төрағасы Вячеслав Артемьев тыңайған жерлерді игеруде Коммунистік партияның рөлі туралы айтып берді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Есбол Жамалбеков, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Слямхан Жапарханов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, топырақ зерттеушісі-бағалаушы, Қазақстанда жер кадастры бөлімінің негізін қалаушы Владимир Бобров, Ө.О. Оспанов атындағы ҚазТжАҒЗИ ғылыми қызметкері Нағима Алтынбекова мен ҚазҰАУ студенттері баяндама оқыды.

Алғашқы тың игерушілердің әңгімелері үлкен қызығушылық тудырды, олар тың игеру, республиканың аграрлық сектор ретінде қалыптасуында тың игерудің рөлі туралы айтып берді. Конференцияға қатысушылар тыңайған жерлерді игеруде комсомолдықтардың ерекше рөлін атап өтті.  Сонымен қатар конференция барысында ауыл шаруашылығының маңызды мәселелері де көтерілді. ҚКХП мен «Ауыл» ХДПП партияларының жетекшілеріне агрария ардагерлерінен бірқатар ұсыныстар түсті.

Естеріңізге сала кетейік, ОК-ның 1954 жылғы ақпан-наурыз айларындағы Пленумында «Елдегі астық өндірісін әрі қарай арттыру мен тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» шешім қабылданды.  Бұған сол кездегі КСРО-дағы нан тапшылығы себеп болды. 1953 жылы КСРО-да 31 млн тонна астық дайындалған, 32 млн тонна жұмсалған. Бұл колхоздар мен совхоздар қоғамды азық-түлікпен қамтамасыз ете алмайтынын  білдірген.

 1954 жылдың тамыз айына қарай Қазақстанда 6,5 млн га жер жыртылған. 1955 жылдың басына қарай өңделетін жерлердің ауқымы 8,5 млн га артқан, жаңадан 90 совхоз құрылған. 1954 жылдың күзінен бастап тағы да 250 совхоз бой көтере бастады. Тың игеру жылдары (1954-1960 жж.) 25,5 млн га жер жыртылған. Жаңа жерлерді жұмыс күшімен қамту үшін елдің батыс аймақтарынан еріктілер жұмылдырылды, оларға көптеген жеңілдіктер ұсынылған – мүлікпен тегін көшу,  1 мың руб. дейін ақшалай жәрдемақы, баспана салуға 10 жылға  20 мың руб дейін, мал сатып алу үшін 2 мың руб. дейін пайызсыз несие,  ауыл шаруашылығы салығынан 2 жылдан 5 жылға дейін босату. Жалпы 1954-1959 жылдары тың  игеруге 20 млрд рубль қаражат бөлінген.

Прочитано 133 раз
Другие материалы в этой категории: « КОММУНИСТЕРДІҢ ГРУЗИЯ САПАРЫ ДОСТЫҚ АВТОШЕРУІ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.