Кездесуге саяси партиялардың белсенділері, ЖОО оқытушылары мен мектеп ұстаздары, меморгандар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты. Модераторлық тізгінді ұстаған Жамбыл ОК бірінші хатшысы Ж.Нұрәлиев классиктің өмірі мен еңбектері туралы айтып берді. М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың тарих және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі Е.Серікбаев Карл Маркстің барлық болмысын ашатын еңбегі «Капиталды» жазу барысындағы автордың жұмысы туралы баяндап берді.
Тараз қ. №35 мектептің тарих пәні мұғалімі М.Ермекбаева мектеп бағдарламасындағы марксизм-ленинизм классиктеріне арналған тараулар туралы айтып берді.
Қатысушылардың пікірі бойынша, жалпы қазақстандық қоғамда К. Маркс, Ф. Энгельс және В.И. Ленинге оң көзқарас қалыптасқан.
ҚКХП Жамбыл ОК