Суббота, 05 мая 2018 13:00

«Ұлы Жеңіс тарихын бұрмалау - батыстық насихаттың құрамдас бөлігі»

Оцените материал
(0 голосов)

4 мамыр күні Талдықорған қаласының Оқушылар сарайында орналасқан Д.А. Қонаев атындағы музейде «Ұлы Жеңіс тарихын бұрмалау - батыстық насихаттың құрамдас бөлігі» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті.

ҚКХП Алматы ОК бірінші хатшысы С.Биғарова нацизмді жеңген ұлы жеңістің тарихи мәнін өскелең ұрпақ дұрыс түсіну маңыздылығын атап өтті. Ол Ұлы Отан соғысы тарихын бұрмалау батыс елдердің саяси мүдделері үшін маңызды екенін ескертіп, аға буын өкілдерін бұл тақырыпқа қатысты ойларымен бөлісуге шақырды.

Талдықорған қаласының құрметті азаматы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Тұрсын Абдуәлиев аймақтың ҰОС қаһарман-қатысушыларының аттарын айтып шықты. Ол жастарды өз отбасының, жақындарының, аталары мен жерлестерінің тарихын саралау арқылы тарихтың ақиқатын ашуға шақырды.

Қонаевтанушы, профессор, Талдықорғанның құрметті азаматы Хания Есдәулетова тылдан майданға үлкен көмек көрсеткен жерлестер туралы бірқатар тарихи фактілерді келтірді. Ол 28 панфиловшының 11 Талдықорған облысынан шақырылғанын айтты. ҰОС қатысушысы Мария Литвякованың ұлы, халық коммунисі Сергей Литвяков Ұлы Отан соғысы тарихын бұрмалау ҰОС ардагерлерінің көзі тірісінде болып жатқанына наразылығын білдірді. Ол жас ұрпақты үнемі өз бетінше білім алуға және кез келген тарихи жағдайды дұрыс бағалауға шақырды.

Пікірталас соңында қорытынды құжат қабылданды. Құжатта кеңес-герман майданындағы негізгі және маңызды шайқастарды мектеп бағдарламасына енгізу, Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің халықтың ерлігін оқыту үшін сағат санын көбейту туралы ұсыныс енгізілді.

ҚКХП Алматы ОК

Alma1S 1 13Alma1S 1 13Alma1S 1 13Alma1S 1 13Alma1S 1 13Alma1S 1 13Alma1S 1 13Alma1S 1 13Alma1S 1 13Alma1S 1 13Alma1S 1 13Alma1S 1 13

Прочитано 91 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.