Четверг, 10 мая 2018 12:15

Павлодардың жас коммунистері К.Маркстің 200 жылдығына арналған тақырыптық кеш өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

Павлодар облыстық комитеті Жастар қанатының белсенділері ұлы ойшыл, философ және экономист Карл Маркстің 200 жылдығына орай тақырыптық кеш өткізді. Кездесуде спикер Д.Даутов Маркстің өмірі мен оның басты еңбегі «Капитал» туралы айтып берді.

«Карл Маркс 1818 жылдың 5 мамырында дүниеге келген. Жеткіншек жасында  университеттің заңгерлік факультетіне оқуға түскен. Алғашқыда Маркс Бонн университетінде білім алған, бірақ бір жылдан соң Берлин университетіне ауыстырылған. Оқу барысында оның тұлға болып қалыптасуына Фейербах пен Гегельдің еңбектері ықпал еткен. 1839  жылы журналистика саласындағы қызметін «Рейн газеті» басылымынан бастайды. Аз уақыт өткен соң газеттің редакторлық қызметіне тағайындалады. 1843 жылы газет жабылғаннан кейін социализм мен экономикалық теорияны зерттеуге бет бұрады.  Сол жылдың жазында ол Парижге қоныс аударады. Мұнда ол Энгельспен танысады. Энгельс оған моральдық және қаржылай көмек көрсетіп отырады. Кейін Маркс көптеген елдерді революциялық күреске көтерген  «Коммунистік партияның манифесі» еңбегін жазады.  Ал оның ең басты еңбегі «Капитал» 1867 жылы жарық көрген. Экономика мен саясат үнемі дамып, тұрақты бақылауды талап еткендіктен ол «Капитал» бойынша жұмысын жалғастырып отырған. «Капитал» алдыңғы қатарлы экономикалық еңбектердің бірі болып табылады. Маркстің «Капиталының» бірінші томы 1867 жылы жарық көрді. Жеті бөлімнен, 25 тараудан тұратын бірінші том – абстрактылы категориялардан бастап, нақты экономика туралы тұтас түсініктермен аяқталды

Онда талданған барлық механизмдер қазіргі қоғамда тиімді жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда Марксистік еңбектің өзектілігін жоққа шығару мүмкін емес. Буржуазиялық үгіт белең алып тұрса да, адамдардың басым бөлігі марксизм ілімінде адамдарды кедейлікте теңестіру болжанбаған. Кез келген адам Қазақстан Коммунистік халық партиясы көпшіліктің кедей болуына Маркс идеясы арқылы күресетінін біледі. Екінші жағынан ат төбеліндей топтың байлыққа белшесінен батуына жол бермей, адамдардың адал еңбекпен табыс тапқанын қолдайтынын түсінеді.

Геосаяси өзгерістер мен капитализм дағдарысы кезінде Қазақстан Коммунистік халық партиясы өзінің стратегиясында марксизмнің теориясына жүгінетінін нық сеніммен мәлімдейді. Өскелең ұрпақ санасына Маркс идеясын сіңіреді және оны заман талабына сай қолданады деп үміттенеміз»,  – деді баяндамашы.

IMG 8669 04 05 18 11 32IMG 8669 04 05 18 11 32IMG 8669 04 05 18 11 32IMG 8669 04 05 18 11 32IMG 8669 04 05 18 11 32IMG 8669 04 05 18 11 32

Прочитано 33 раз
Другие материалы в этой категории: « Даңқ аллеясы Бірге ізгілік үшін »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.