Четверг, 10 мая 2018 13:47

Оралдық коммунистер майданда қаза болғандарды еске алды

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 9 мамырында Орал қаласының Достық даңғылында «Мәңгілік полк» шеруі өтті. Шеру барысында адамдар Ұлы Отан соғысында мерт болған туыстарының суреттерін ұстап, алаңда сап түзеді.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның басты мақсаты – жауынгерлердің портреттерін өздері парадқа қатысқандай алып шығу, сол арқылы құрмет көрсету.

Оралдағы қозғалыстың үлестірушілері Денис Спиридонов пен журналист Злата Удовиченко болды. Биылғы жылы шеруге шамамен алты мың адам қатысты.

Батыс Қазақстан облысының халық коммунистері де «Мәңгілік полк» шеруіне қатысып, ҚКХП атынан гүл шоқтарын қойды.

«Жеңіс күні тек қана жалпыхалықтық мереке ғана емес, сонымен қатар ол Ұлы Отан соғысының қан майданында қаза болғандарды еске алу күні. Бұл күні әрқайсымыз сұрапыл соғыста мерт болған жауынгерлерді, осы күнге жетпеген ардагерлерді еске аламыз. Фашизмді жеңу коммунистік партияның басшылығымен жүзеге асқандығын да ұмытпау қажет. Әлеуметтік әділдік пен интернационализм идеясы халықты жұмылдырып, жеңіс тұғырына жеткізді» , - деді Орал ОК бірінші хатшысы С.Жарлығасымов.

ҚКХП БҚОБ Баспасөз қызметі

IMG 20180509 WA0173IMG 20180509 WA0173IMG 20180509 WA0173

Прочитано 53 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.