Понедельник, 14 мая 2018 13:17

АЙБЫНДЫ МЕРЕКЕ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Әлемдік деңгейдегі ауқымды мереке – Ұлы Жеңіс күнін алматылық коммунистер сәніне салтанатын жарастырып атап өтті. Мереке қарсаңында Алматының коммунистері ардагерлерді мерекемен құттықтап, сый жасады. ҚКХП Алматы қалалық комитетінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Камал Үмбетаевқа барып, азық-түлік себетін табыстады. Дастархан басында ардагер соғыс жылдары, солдаттар мен халықтың жеңіске деген сенімдері туралы әңгіме қозғады. Соғыста алған төрт жарақатынан кейін Камал ата жарамсыз деп танылады, бірақ ол Отан алдындағы қызметін Қазақстан ішкі істер органында жалғастырады.  Кейін алынған жарақаттарына байланысты милиция жұмысынан шегертіледі, бірақ ол өз жұмысын халық шаруашылығында жалғастырады.

- Ұлы Отан соғысының ардагерлері бұл – нағыз қаһармандар. Олар бізге бейбіт күн, жарқын болашақ сыйлады. Біздің оларға деген алғысымыз шексіз. Олардың ерліктері мен батылдықтары, қайсарлықтары үлкен құрметке ие. Мұны ұмытуға біздің хақымыз жоқ,- деп өзінің алғысын жеткізді қалалық комитеттің бірінші хатшысы Әлібек Шапенов.

Сонымен қатар Алматының коммунистері 1945 жылдың шілде айынан КОКП (КПСС) мүшесі болып табылатын Дәмен Үсенбекованың шаңырағында болды. Дәмен Үсенбекованың марқұм жолдасы да ҰОС-қа қатысқан. Ардагер көзіне жас ала отырып, соғыс жылдарын еске алды, коммунистердің ерекше ықыластары мен қолдауларына алғыс білдірді.

Сондай-ақ Ұлы Жеңіс күнін атап өту іс-шаралары аясында ҚКХП Алматы ҚК кеңсесінде ҰОС батырларының суреттері мен өмірбаяндары жазылған стенд орнатылды. Стенд Ұлы Жеңіске қол жеткізген қазақстандық-қаһармандарға арналған. Бірінші стенд Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш, авиация генералы Талғат Бегелдиновке арналған.

9 мамыр күні коммунистер 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Алматы қаласындағы биылғы мереке ерекше салтанатқа ие болды, себебі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келді.

Кейін коммунистер дәстүрлі түрде «Мәңгілік полк» шеруіне қатысты. Биыл шеруге 120 мыңнан астам адам қатысып, сап түзеді. Қолдарында жауынгер аталарының суреттері бар шеруге қатысушылар «Астана» алаңынан 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябаққа дейін «Ура!» деп ұрандап жүріп өтті.

Шеруге және өзге де мерекелік іс-шараларға ҚКХП АҚК хатшылары Әлібек Шапенов, Лейла Төлеуғалиева, Марианна Сафронова, қалалық комитеттің белсенділері Абзал Әуелбеков, Мұхтар Рахымжанов, Диана Мұратова, Дәурен Бағашев және басқалары қатысты.

Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

32187778 961907257310181 6330571370971267072 n32187778 961907257310181 6330571370971267072 n32187778 961907257310181 6330571370971267072 n

 

Прочитано 67 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.