Понедельник, 14 мая 2018 15:44

Шымкенттегі Жеңіс күні мерекесі Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

9 мамыр күні Шымкент қаласындағы Даңқ монументі алдында Ұлы Отан соғысы және тыл  ардагерлері мен облыс орталығы азаматтарының қатысуымен Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Митингке дейін дәстүрлі түрде «Мәңгілік полк» шеруі өтті. Биыл «Мәңгілік полк» шеруіне облыстық комитеттің белсендісі Н.Төлембаевтың отбасы қатысты.  Н.Төлембаевтың атасы Жолдыбай Нұрлыбаев барлық соғысты бастан өткеріп, поляк жерінде қаза болған. Жауынгердің сүйегі 2000 жылы  табылған.

Кейін акцияға қатысушылар монументке және Ұлы Отан соғысына Оңтүстік Қазақстан облысынан қатысқан барлық адамдардың аты-жөндері жазылған тақтаға гүл шоқтарын қойды.

Облыстық комитет активі атынан Ұлы Отан соғысы ардагерлері Алтыбай Бабаевқа, Төлеген Жақыпбаевқа және тыл ардагері Рахымқұл Досметовқа  мерекелік сыйлықтар  табысталды.

P5091085P5091085P5091085P5091085P5091085P5091085P5091085P5091085P5091085P5091085P5091085P5091085P5091085P5091085P5091085

Прочитано 38 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.