Понедельник, 14 мая 2018 16:23

«Шапағат» халықтық жобасы ауылда

Оцените материал
(0 голосов)

Астанадан бастау алған «Шапағат» халықтық жобасы аймақтарда қанат жайып келеді. Коммунистердің қиын жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созу бастамасы еріктілер арасында кең қолдауға ие болып жатыр. ҚКХП-ның облыстық, қалалық комитеттерінде «Шапағат» көмек көрсету пункттері ашылуда.

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Ленин ауылында да Қазақстан Коммунистік халық партиясының халықтық жобасы қызмет ете бастады.

Таяуда «Шапағат» пунктінің жетекшілігіне жергілікті жердегі бастауыш партия ұйымының төрағасы Роза Бүркітбаева келді. Ауылдағылардың барлығы бұл кісінің елгезек әрі қамқор жан екенін біледі. Әу басында ол көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіп жүрді. «Шапағат» халықтық жобасы оның осыған дейін атқарған жұмысының  заңды жалғасы іспеттес.

Ленин совхозына Роза Бүркітбаева музыкалық училищені тәмамдағаннан кейін түсті. Ол еңбек жолын совхоздың мәдениет үйінен бастап, осы мекеменің директоры лауазымына дейін жетті. Осы совхозда отбасын құрып, үш бала өсірді. Қазір немере тәрбиелеп отыр.

Ол шығармашылық адам. Көп жылдардан бері ауылдағы белсенді әйелдердің бастамасымен құрылған хорда ән айтады. «Ностальжи» атты хор ауыл мен ауданның түрлі мерекелік шараларына қатысады және Ақ қайың ауданы бойынша гастрольдік сапарға шығып тұрады.

033333033333033333

Прочитано 94 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.