Вторник, 15 мая 2018 09:39

ОҚО коммунистері Президенттің әлеуметтік бастамаларын талқылады

Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласындағы техникалық колледжде ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамалары талқыланды.

Кездесуде Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Н.Қадырқұлов қысқаша баяндама жасады. Ол Мемлекет басшысының ұсынған әрбір бастамаларына жеке-жеке тоқталып өтті. Бірінші хатшы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының өзектілігін ерекше атап өтті. Бұл бағдарлама азаматтардың баспана мәселесін шешіп, құрылыс ісіне серпін беруге бағытталған. Коммунистің сөзінше, халықтың тұрмысы төмен тобын салық ауыртпалығынан босату, шамамен екі миллион қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартады. Сонымен қатар обком жетекшісі техникалық мамандықтарға грант санының артқандығы туралы да айтып өтті.

Ардагер-коммунист Н.Ілиясқаров Президенттің цифрландыру мен елдегі нанотехниология мен робототехниканы дамытуға қатысты бастамаларының маңыздылығын атап өтті.

ҚКХП ОҚ ОК

P5091085P5091085P5091085P5091085P5091085P5091085P5091085P5091085

Прочитано 46 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.