Среда, 16 мая 2018 10:34

Игі іс Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің активі Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының   мамандарымен кездесіп, Ауылдық аумақтарды дамыту мәселесі туралы ҚКХП ОК-ның мәлімдемесімен  ақпараттандырды. ҚКХП ОК хатшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров жасаған Мәлімдеменің мазмұны Басқарма қызметкерлері арасында үлкен қызығушылыққа ие болды. Экономика мәселелері жөніндегі басқарма  жетекшісінің орныбасары Ауыл шаруашылығы министрлігінің соңғы жиналысында бұл мәселе талқыланып, қолдауға ие болғандығы туралы айтты.

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов қатысушыларға Мәлімдеме туралы түсініктеме беріп, партияның қызметіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Коммунист мамандардан Басқармаға келушілерді, әсіресе ауыл азаматтарын Мәлімдеме мазмұнымен таныстыруды сұрады.

ҚКХП-ның Мәлімдемесі Басқарманың 50-ден астам маманынан қолдау тапты. Мамандар коммунистерге Мәлімдемені іске асыруда табандылық танытуға кеңес берді.

Мәлімдеме идеясының іске асырылуына қатысты күмән да айтылды, бірақ оның маңыздылығы мен өзектілігі ерекше аталды, себебі ауыл және ауылдық аумақтар бұл – дәстүрлі қазақ тұрмысының негізі және елдің барлық экономикасын жаңғыртудың шынайы мүмкіндігі.

Коммунистер Мәлімдеме идеясын насихаттау барысында салалық кәсіподақ жетекшілерімен де кездесті.

Бұланды, Атбасар, Сандықтау және басқа да бастауыш партиялық ұйымдардың хатшылары аудан орталықтарында Мәлімдемемен таныстыру жұмыстары бойынша кездесулер ұйымдастыру тапсырмасын алды. ҚКХП Ақмола ОК Жастар қанатының көшбасшысы Мәдина Қасымова облыстың барлық ауыл шаруашылығы бөлімдеріне Мәлімдеме мәтінін таратты.

ҚКХП Ақмола ОК

DSC 8929DSC 8929DSC 8929DSC 8929DSC 8929

Прочитано 62 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.