Среда, 16 мая 2018 16:40

Бірге ізгілік үшін

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті 8 мамыр күні аталып өтілетін Дүниежүзілік Қызыл крест және Қызыл Жарты ай күніне арналған «Бірге ізгілік үшін» кампаниясына қатысты. 

Іс-шараны  Павлодар облыстық Қызыл Жарты ай қоғамының  бөлімшесі ұйымдастырды. Акция жастар арасында қайырымдылық пен адамгершілік сезімін қалыптастыру және нығайту мақсатында өткізілді. Ұйымдастырушылар  бірлесе атқарған жұмыс Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай Халықаралық қозғалысына мұқтаж адамдарға көмектесу миссиясын іске асыруға мүмкіндік беретіндігін атап өтті. «Бүгінгі таңда гуманитарлық қажеттіліктердің ауқымы үйлестірілген іс-әрекет пен барлық деңгейдегі ынтымақтастықты реттеуді талап етеді», - деді ұйымдастырушылар.

Акция барысында Павлодар қаласының мектеп оқушылары арасында «Ізгілік әрекет» тақырыбында шығармалар сайысы өткізілді.  Сайыс қорытындысы мерекелік концертте жарияланды. Серіктестер мен демеушілерге Павлодар облысындағы қайырымдылықты дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс хаттар мен грамоталар табысталды. Ал Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай, Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері азық-түлік себеттерін қабыл алды.

ҚКХП Павлодар ОК

Прочитано 81 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.