Пятница, 18 мая 2018 11:32

Өскеменде Ұлы Отан соғысы тарихын бұрмалау мәселесіне қатысты қоғамдық пікірталас өтті

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 16 мамырында ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бастамасымен ШҚО Талдау және болжау институтында «Ұлы Жеңіс тарихын бұрмалау - батыстық насихаттың құрамдас бөлігі» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті. Іс-шараға облыстық ішкі саясат, білім, мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармалары мен  саяси партия бөлімшелерінің, «Поколение» ҚБ мен өзге де қоғамдық және ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты.

Отырыста әлем бойынша идеологиялық күрестің өршуі, Ұлы Отан соғысына қатысты  қазіргі қазақстандық қоғамның, соның ішінде ҚКХП мен мемлекеттік институттардың ұстанымы, әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық органдардың Отан қорғауға қатысты  кеңес халықтары мен Қазақстан халқының оң имиджін сақтау бойынша әрекеттері талқыланды.   Сонымен қатар қазіргі заманғы қоғамда тарихи және патриоттық тәрбие мәселесі тілге тиек етілді, осыған қатысты Шығыс Қазақстан өңірі бойынша нақты мысалдар талқыланды.

 Шыңғыс Байдәулетов, обкомның бірінші хатшысы:

-Соңғы жылдар алпауыт елдердің ықпал ету аумағы үшін күресімен, сауда және санкциялық соғыстар мен шиеленістермен есте қалады.  Бұл әрекеттермен бірге идеологиялық күрестің де ауқымы арта түспек. Идеология көп жағдайда тарихқа сүйенеді.  Кез келген тарап үшін тарихтан өзіне ыңғайлы факті мен оқиғаларды алған тиімді. Оған тиісті өң беріп,  өздерінің идеологиялық құралы ретінде қолданған пайдалы. Сондықтан соңғы жылдары әлемдік қауымдастықта, соның ішінде қазақстандық қоғамда Екінші дүниежүзілік соғыста белгілі бір мемлекеттің қатысуы мен рөлі әртүрлі баяндалып келеді.  Әртүрлі бағыттағы ақпарат айдынында тарихты бұрмалау, шынайы фактіні жоққа шығару үрдісі байқалып отыр. Әсіресе Ұлы Отан соғысының тарихын бұрмалау, халыққа жалған ақпарат тарату барып тұрған арсыздық. Қазіргі ұрпаққа егемендік пен тәуелсіздікті сыйлаған, өз болашақтарын айқындауға жол ашқан жеңісті бұрмалау -  тарихқа жасалған опасыздық. Сондықтан жеңімпаздардың балалары мен немерелеріне соғыс тарихын бұрмалау фактілеріне бей-жай қарауға болмайды. Біздің халық коммунистерінің партиясы отан қорғаушылар туралы жарқын естелікті қорғау, ұрпақтан ұрпаққа аманат ету жұмыстарын жалғастырады.  Шынайы ерлікті насихаттау, тарихи оқиғаларды баяндау арқылы ақиқатқа қол жеткізуге болады. Біз Ұлы Отан соғысы тарихи мен нәтижесін қайта қарастыруға болмайды деп санаймыз. Себебі кеңес халқының және гитлерлік коалицияға қарсы өзге де халықтардың жеңісі кәміл.

Әрі қарай облыстық білім беру басқармасының өкілі З.Т. Жәнібек сөз сөйледі. Ол оқушылар арасында отандық тарих пен оның батырларына деген дұрыс қарым-қатынас қалыптастырудағы ұстаздардың еңбегі туралы айтып берді. Сонымен қатар ол  патриоттық тәрбие беру үдерісіне мектеп қана емес, отбасы да жауапты екенін айтты. Бұған қоса патриоттық сана-сезімді өзге де ресми емес жастар ұжымдары да қалыптастыра алады. Ұстаздың пікірінше, бұл жағдайда мұғалім ақпаратты әртүрлі дереккөздерден келтіруі тиіс. Сонда оқушы ақпаратты сарапқа салып, талдау жасай алатын болады.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері З.В. Надыкто Ұлы Отан соғысына шығысқазақстандықтардың қатысуы туралы тарихи құндылықтарды қалыптастыру бойынша музей жұмысымен таныстырды. Оның сөзінше, әрбір елді мекенде майдангер-жерлестерінің құрметіне орнатылған Даңқ ескерткіші бар, ол жерде жыл сайын соғыс тарихына қатысты танымдық және естелік іс-шаралар өткізіледі. Орталық облыстық тарихи-өлкетану музейіне бір жылда 100 мыңға дейін облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары келеді, олар Жеңіс ісіне Шығыс Қазақстанның қосқан үлесін баяндайтын музей экспонаттарымен танысады.

  Облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі А.С. Садырбаев облыстық билік  пен азаматтық қоғам өкілдерінің  жетекшілігімен соғысқа қатысушылар мен олардың ерен еңбектері туралы естелікті сақтау үшін көп іс атқарылып жатқанын айтты. 

Қоғамдық пікірталас соңында майдан қаһармандары туралы шынайы тарихты сақтау жұмысы бойынша жауапкершілікті арттыруға қатысты бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтылды. Сонымен қатар халық коммунистері Ұлы Отан соғысы батырларының есімімен аталатын көшелер мен алаңдарды аббаттандыру мәселесін тағы да бір мәрте көтерді.

ҚКХП ШҚОБ Баспасөз орталығы

DSCN0886DSCN0886DSCN0886DSCN0886

Прочитано 110 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.