Среда, 23 мая 2018 13:34

Депутаттық сауал

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министріне

ҚР Бас прокуроры

Қ.П. Қожамжаровқа

Депутаттық сауал

Құрметті Қайрат Пернешұлы!

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттық сауалы Ерейментау қаласы, Өлеңті ауылдық округы, Қоржынкөл станциясының жайылым учаскелері тұрғындарының өтініштеріне негізделіп отыр. Олар 11 ай бойы Астана – Павлодар автожолын қайта жөндеуден өткізу барысында пайда болған мәселелерді шеше алмай жүр.

Жобалау қателігінің мен құрылыс және жөндеу жұмыстарын өткізу салдарынан автомагистраль маңындағы тұрғындар мал жаю, жем даярлау, су ресурстарына қолжетімділік сияқты мәселелерге тап болып отыр. Сонымен қатар көлік шығыны да артып отыр, олар айналым жолмен артық 50 шақырым жүруге мәжбүр.

Өкінішке орай, азаматтардың бұған дейінгі өтініштері тиісті нәтиже берген жоқ, бұл аймақтағы әлеуметтік шиеленісті ушықтыра түседі. Сондай-ақ көлік инфрақұрылымын іске асыру мен жақсарту бойынша мемлекеттік бастамалардың беделіне нұқсан келтіреді. Осыған орай «Халық коммунистері» фракциясы өтініште белгіленген фактілерді талдап, айыптыларды анықтап, жауапқа тартып және жағдайды дұрыстау үшін қажетті шара қабылдау қажет деп санайды.

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары:

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

23.05.2018 жылы жарияланды

Прочитано 73 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.