Среда, 23 мая 2018 17:26

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

 Б.Ә. Сағынтаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

ТЖ қызметінің жүйелі мәселелерінің алдағы уақытта да, болашақта да кезең-кезеңімен шешілуін қарастырмайтын Қаржы және Ұлттық экономика министрлері мен  салалық министрдің біздің сауалдарымызға берген жауаптары  Сізге жүгінуге мәжбүр етіп отыр.

Жыл сайын ТЖ комитетіне бөлінетін қаржыны қалдық ұстанымы бойынша қаржыландыру деп қарастырудан басқа амал жоқ. Қаржы ағымдағы шығындарды жабу үшін және ескірген материалдық-техникалық базаны жұмыс қалпында ұстау үшін бөлінеді. Бөлімшелерді материалдық-техникалық жағынан қамту мәселелері баяу шешіледі, сондықтан жылдан жылға өте берген.

 Ал апаттың  республика бойынша әкелетін шығыны жылдан жылға артып келеді. Шығыс Қазақстан облысының өзінде биылғы су тасқыны кезінде 2 млрд. теңге жұмсалған. Жалпы республика бойынша бұл статистика   жарияланбайды.  Гидроқұрылғылардың ¼ бөлігінің жағдайы көңіл көншітпейді, 52-нің мүлдем қожайыны жоқ. Талдау көрсетіп отырғандай, бұл да соңғы көрсеткіштер емес, себебі ІІМ мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері әртүрлі. Бұл ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің 2012 жылдың 6 наурызындағы барлық иесіз жатқан ГТҚ коммуналды меншікке беру туралы хаттамалық бұйрығы дұрыс орындалмай жатқанын көрсетіп отыр. Он жылдан бері Мемлекет басшысының апаттардың зиянды ықпалын бейтараптандыру бойынша алдын алу шараларын қабылдау туралы тапсырмасы, азаматтық қорғанысты дамыту мәселелері бойынша (Сенат 2017 ж.) және «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша мемлекеттік жүйені дамытудың  қазіргі жағдайы мен болашағы туралы» (Мәжіліс 2015 ж.) Парламенттік тыңдаулардың ұсыныстары  орындалмай жатыр. Бюджеттің миллиардтаған қаражаты су тасқынынан, өрттен және өзге де апаттардан  құтқару шараларына жұмсалған болып, ізім-ғайым жоқ болады.

Дүниежүзілік метерологиялық ұйымның зерттеулеріне сәйкес, апаттық жағдай дайындығына салынған 1 доллар апат жағдайында жоғалған 1 долларды құтқарып қалады. Бұл дегеніміз алдын алуға жұмсалатын миллиондар апат салдарын жоюға кететін миллиардтарды үнемдейді.

 Мегаполистерде өрт сөндіру деполарын салу бұл астамшылық еместігін түсінетін кез келді. ЖСҚ құрастыруға 86 млн. теңге шығындаған 5 өрт сөндіру депосы ақыры қаржыландырылмады. Тап осындай жағдайды 6 депо бастан кешуде, себебі ЖСҚ-ға шамамен 100 млн. теңге жұмсалған, су-қорғау станциясына 36 млн. теңге, барлығы шамамен 222 млн. теңге. Негізгі мәселе жоспарлау, бағаларды тиімді пайдалану, мемқұрылымдар мен олардың жетекшілерінің жауапкершілігіне келіп тоғысады.

Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, уақыты жеткен мәселелерді қарастыруды бастады, алайда шұғыл түрде шешілуді талап ететін бірқатар мәселелер бар. 

ТЖ қызметінің басты мәселелерінің бірі қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Біздің ойымызша, қазіргі кездегі жалақы мөлшерімен олардың 7-20-25 бағдарламасына қатысуы үлкен мәселе.

ІІМ ақпараты бойынша ТЖ қызметкерлерінің аттестацияланған құрамының 1/4 баспанасыз, олардың жалпы отбасы мүшелерінің саны 13 105 адам. Бір министрлікте жалға алынып отырған баспананың өтемақысын төлеудің екі механизмі қолданылады. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жалға алынатын баспананың барлық өтемақысы төленеді. Ал құтқарушылар атағына ие болғандар небәрі 3700 теңге көлемінде өтемақы алады. Ұлттық экономика министрлігі бұл мәселені шешуге ыңғай танытпай отырғандарына мынадай жауап беріп отыр. «Бұл норманың төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлеріне таратылуы басқа да орган қызметкерлерінің тарапынан (прокуратура органы, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі) прецедент тудыртуы мүмкін». Біз айтылған қызметтерге үлкен құрметпен қараймыз, бірақ құтқарушылар, әсіресе өрт сөндірушілердің жауынгерлік ахуалға жақын жағдайда болатындығын, күнделікті өз денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп төндіретіндігін ескеруге болады ғой. Анықтама үшін: 1991- 2016 жылдар аралығында республикада 32 өрт сөндіруші және құтқарушы қаза болған. Бұған қоса қызметтік міндетті атқару барысында денсаулыққа тиген зардаптың әсерінен еңбекке жартылай немесе толық жарамсыз болып танылған және созылмалы ауруға шалдыққан қызметкерлердің тегін емделуі қарастырылмаған.

Ал Қаржы министрлігінің аргументтері тіпті қызық. Олар былай жазады: «...баспана жалдауға төленетін өтемақы бойынша қолданыстағы механизм тиімсіз болып табылады, бұл ұсынысты қарастырудың уақыты жеткен жоқ деп санаймыз». Жұмбақ жанрындағы новелла. Егер жүйе тиімсіз болса, оны қайта қарастырудың уақыты неге келіп жеткен жоқ?

Салалық министрліктер ТЖ қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу жүйесіне ешқандай өзгертулер енгізуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл жүйені алғашқы кезеңде аймаққа, жұмыс ауқымының деңгейіне қарай дифференциялау қажет.  Қызметтен бос уақытта жеке санаттағы жұмысшыларға қосымша табыс табу мүмкіндігін беретін нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу ұсынысына да ешқандай жауап жоқ. Анықтама үшін: бір астананың өзінде жұмыстан бос уақытта қосымша жұмыс істеуге мәжбүр болған 94 қызметкер жұмыстан шығарылды.

Арнайы бастапқы оқыту мерзімі, бірдей жағдайда өткізілуіне байланысты сынақ мерзімі мен тағылымдама кезеңдерін біріктіру туралы ұсыныс та шұғыл қарастыруды талап етеді.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Сізден жоғарыда айтылған сұрақтар кешенін қарастыруды, ТЖ қызметі мәселелерін кезең-кезеңімен шешу шараларын қабылдауды, жоғары талаптарға са        й жағдай жасауды сұраймыз.

 Төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын іске асырушы органдар мен жеке тұлғалардан сұранысты жоғарылату, жергілікті атқарушы органдардың берген есептері мен атқарған жұмыстарына деген жауапкершіліктерін қарастыру қажет деп санаймыз.

Жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

 Қосымша:  27 бетте.

 «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:

Сыздықов Т. И.

Ахметбеков Ж. А.

Баймаханова Г. А.

Қоңыров А. О.

Косарев В. Б.

Магеррамов М. М.

Смирнова И. А.

23 мамыр 2018 жылы жарияланды

Прочитано 84 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.