Пятница, 25 мая 2018 15:24

Павлодар облыстық комитетінде «Ақылды медицина – ұлт саулығы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті

Оцените материал
(0 голосов)

23 мамыр күні ҚКХП Павлодар облыстық комитетінде «Ақылды медицина -  ұлт саулығы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері, медициналық ұйымдардың қызметкерлі және саяси партиялардың мүшелері қатысты.

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілі С.Г. Арыстанованың айтуынша, «DamuMed» мобильді қосымшасына 3460 қолданушы тіркелген; 43 медициналық ұйым, соның ішінде 7 жекеменшік мекеме ақпараттық жүйемен қамтылған, олардың пайыздық үлесі 89,5 құрайды; емделушілердің электронды денсаулық паспорты 136 985 (17,5%) адамға ашылған; мобильді құрылғы арқылы дәрігерге онлайн-жазылу қызметін 5681 емделуші пайдаланған; дәрігерді шақырту қызметін 104 адам пайдаланған.  65 жедел жәрдем бригадасы планшеттермен (100%) жабдықталған (168 жедел жәрдем автокөліктерінде GPS (100%) жүйесі орнатылған), жедел жәрдемнің келу уақыты 12 минуттан 9 минутқа дейін қысқартылған.  Барлық медициналық ұйымдар интернет-арнаға қосылған, 7783 (91%) қызметкер  білімдерін жетілдірген. 4720 (97,2%) жұмыс орны компьютермен жабдықталған. 469 бірлік компьютерлік техника, 36 бірлік ноутбук алынған.

Трассаларда жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда жедел жәрдемнің діттеген жерге 15 минутта жетуін қамтамасыз ету және елдімекендерде жедел жәрдем бекеттерін ашу жоспарланған. Барлық медицина ұйымдары ғаламторға қосылған. Ауданнан төмен деңгейдегі жерлер 84% қамтылған.

Ғаламторға 48 нысан қосылмаған: Шарбақты ауданы – 20, Ақтоғай ауданы – 15, Успен ауданы – 5, Баянауыл ауданы – 2, Лебяжі ауданы – 2, Май ауданы  – 2, Ертіс ауданы – 2.

Спикердің мәлімдеуінше, денсаулық саласын цифрландырудың нәтижесінде медқызметкерлердің еңбек өнімділі артып, 2018 жылдың соңында медициналық қызмет түрлеріне көңілі толатын халықтың көрсеткіші

90%-ға көбейген.

Медицина ұйымдарының онлайн-рейтингі көрсетілетін қызметтің сапасын арттырған. Дәрігердің қабылдауына ғаламтор арқылы жазылудың ыңғайлы екеніне қатысты оң пікір айтыла бастаған. Канцелярлық тауардың шығыны қысқарған. Бұл көрсеткіштерге жетуге ресурстарды тиімді пайдаланудың тікелей әсері болған.

Қоғамдық талқылау кезінде медицина саласының қызметкерлерін баспанамен қамту мәселесі де күн тәртібіне қойылды.

IMG 9288 22 05 18 14 56IMG 9288 22 05 18 14 56IMG 9288 22 05 18 14 56IMG 9288 22 05 18 14 56IMG 9288 22 05 18 14 56IMG 9288 22 05 18 14 56IMG 9288 22 05 18 14 56IMG 9288 22 05 18 14 56IMG 9288 22 05 18 14 56IMG 9288 22 05 18 14 56IMG 9288 22 05 18 14 56IMG 9288 22 05 18 14 56IMG 9288 22 05 18 14 56IMG 9288 22 05 18 14 56IMG 9288 22 05 18 14 56

Прочитано 86 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.