Пятница, 25 мая 2018 17:17

Солтүстік Қазақстан обкомында ҚКХП қатарына жаңа мүшелерді қабылдау салтанаты өтті

Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Коммунистік халық партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінде ашық партиялық жиын өтті. Онда ҚКХП қатарына қабылданған Петропавл қаласының тұрғындарына партиялық билеттер табыс етілді.

Бірінші хатшы Сергей Мартемьянов партияның жаңа мүшелерін СҚО комитетінің жұмысымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті және ҚКХП мүшелерінің болашағын тілге тиек етті.

Обкомның екінші хатшы Қайсар Сәрсенбаев жастармен жүргізіліп жатқан жұмысқа тоқталып, жиналғандарға облыстық комитет жанындағы  Жастар қанатының қызметі мен «Шапағат» халықтық жобасы жайлы ақпарат берді.

– Әлеуметтік-экономикалық мәселелердің аясы кең екенін және оларды шешу ыждаһаттылықты талап ететін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің белсенділері қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатуға басымдық беріп отыр. Бұқаралық қозғалыстар арқылы ел азаматтарының мүддесін қорғау біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі.

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің алдында партия мүшелерінің қатарын көбейту, коммунистердің қатарына жастар мен белсенді азаматтарды тарту, аудандарда бастауыш партия ұйымдарының санын арттыру міндеті де тұр», – деді С.Мартемьянов.

IMG 20180521 144520IMG 20180521 144520IMG 20180521 144520

Прочитано 105 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.