Четверг, 31 мая 2018 09:13

Ауылда тұру кімге жақсы? Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Өткен аптада Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қарағанды облыстық комитетінің жетекшілері бірнеше күн бойы ауылдық аймақтарға сапарға шықты. Олардың мақсаты ауыл өмірінің нақты жағдайын анықтау, онда мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мүмкіндіктерін зерттеу, сондай-ақ азаматтарды «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының ауыл мәселелері туралы депутаттық сауалымен таныстыру болды.

Депутаттық сауал

Қазақстанның Халық коммунистері қала мен ауыл тіршілік жағдайы арасындағы айырмашылықты жою арқылы қазақстандық ауылдарды жандандыру мәселесін бұрыннан көтеріп келеді. Мамыр айының басында ҚР Парламенті Мәжілісінің «Халық коммунистері» фракциясының депутаттық тобы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа депуттаттық сауал жолдады.

Коммунистер Президент Н.Ә.Назарбаевтың белгілеген әлеуметтік мемлекет курсын толыққанды іске асыру үшін ауыл аймақтарын басқару, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін стандарттар құру және оларға қол жеткізудің кешенді саясатын әзірлеу бойынша шаралар қабылдануы керектігін алға тартады. «Ресми статистика бойынша қазіргі таңда ауылдық аумақтардың тұрғындары тең емес экономикалық жағдайда отыр, - делінген коммунист-мәжілісмендердің сауалында, - Ауылдағы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар тұрғындардың үлесі қалаға қарағанда 4 есе көп. Ауыл шауаршылығындағы орташа жалақы республика бойынша орташа жалақыдан 1,7 есе төмен. Ауыл шаруашылығына өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың 42%-ы тиесілі. Мұндай жағдайда тым болмаса бірдей әлеуметтік және инфрақұрылымдық мүмкіндіктермен қамту маңызды. Сонымен қатар біз қаражатты игеру бойынша сапалы механизмді пысықтамай, өздігінен қаржы бөлу тиімсіз болатынын түсініп отырмыз. Бұған «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру тәжірибесі дәлел. Миллиардтаған қаражатқа қарамастан, көптеген ауылдар әлі күнге дейін орталықтандырылған сумен жабдықталмаған. Қазіргі таңда аймақтарды дамыту бағдарламасында көмескіленіп қалған ауылдық аумақтарды дамытудың кешенді тәсілдері қажет».

Батпақты

Осы мәселелер бойынша ауыл тұрғындарының пікірін білу, сондай-ақ оларды коммунистер фракциясының депутаттық сауалымен таныстыру мақсатында ҚКХП Қарағанды ОК бірінші хатшысы Александр Зевахин, екінші хатшысының м.а. Анатолий Баранов және жастар ісі жөніндегі үшінші хатшысы Анатолий Чен өткен аптада Қарағанды облысының бірнеше ауылдық аймағында жұмыс сапарымен болды.

Осакаровск ауданының Батпақты ауылында оларды әкімшілік өкілдері қарсы алып, кент тұрғындарымен кездесуді ұйымдастырды. №6 орта мектептің акт залына 40 шақты тұрғын келіп, онда Анатолий Баранов оларды «Халық коммунистері» фракциясының депутаттық сауалымен таныстырды және сол бойынша пікірлерімен бөлісуге шақырды.

Аудиторияның белсенділігі, қазақстандық ауылдарды дамытуға бағытталған бағдарламалар туралы жетік хабардар болуы келушілерді қуантты. Батпақты тұрғындарының қонақтарға қойған сұрақтары негізінен «7-20-25» несиелендіру бағдарламасы туралы, сондай-ақ ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға арналған шаралар жайлы болды. 

Центральный

Бұл күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қарағанды облыстық комитеті жетекшілері Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Центральный кентінде болды.

Кент әкімі Руслан Рахимов халық коммунистерінің ауыл тұрғындарымен кездесуін ұйымдастыруға барынша көмек көрсетті. Ауыл клубында өткен кездесуге кенттің 40-қа жуық тұрғыны келді.

Қарағанды коммунистерінің Центральный кентінде өткізген сауалнамасы ауыл тұрғындарының «Халық коммунистері» фракциясы мүшелерінің ауыл мәселелерін шешуге қатысты көзқарастарын толықтай қолдайтынын көрсетті. Кездесуге қатысушылар кент өмірі үшін маңызды көптеген сұрақтарды көтерді. Олардың қатарында, мәселен, балабақшаның жоқтығы мәселесі айтылды.

– Біздің кентте балалар көп, бірақ тек 25 балаға арналған мектеп жанындағы шағын орталық қана қызмет етеді! – деп тұрғындар наразылықтарын білдірді.

Сондай-ақ елді мекенде медициналық мекеменің жоқтығы да айтылды. Центральный тұрғындарының айтуынша, отбасылық дәрігерлік амбулатория орналасқан аудан орталығы – Ботақара кентіне жету қиындық тудырады. Ботақара мен Центральный арасындағы қашықтық шамамен 110 шақырымды құрайды. Ал жақын орналасқан Теміртау қаласы емханаларындағы мамандар ауыл тұрғындарын қабылдаудан бас тартады, оларға тек қиын-қыстау жағдайда ғана медициналық көмек көрсетіледі.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин кездесуге қатысушыларға, кент пен аудан әкімдігіне іс-шараға қатысудағы белсенділіктері үшін алғыс білдіріп, Центральный тұрғындары айтқан мәселелерді шешуде партия тарапынан көмек көрсетілетінін жеткізді. Ауыл тұрғындары коммунистің ұсынысын қуана қабылдады және партияның облыстық комитетінің қоғамдық қабылдауына жазбаша өтініш қалдыруға ниеттерін білдірді. Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Айғаным Ақпанова Александр Михайловичтің Қарағанды облысы әкімінен бірлесе көмек сұрау ұсынысын қолдады. 

Агрогородок

25 мамыр күні қарағандылық коммунистер Мичурин елді мекенінің орталық мекені – Абай ауданының Агрогородок кентінде болды.

Қонақтарды елді мекен әкімі мен 30-дан аса тұрғыны қарсы алды.

– Біз бүгін ҚКХП атынан депутат Айқын Қоңыровтың ҚР Премьер министрі Бақытжан Сағынтаевқа жолданған депутаттық сауалы мен өтінішін талқылауға жиналдық, - деп Александр Зевахин кеншілер астанасының халық коммунистері сапарының мақсатын мәлімдеді. 

Ол Мемлекет Басшысының бес әлеуметтік бастамасын іске асырудың маңыздылығына тоқталды, дегенмен, халық коммунистері мемлекеттік бағдарламалармен кепілдендірілген әлеуметтік игіліктер қала тұрғындарымен бірге ауылдықтарға да тең дәрежеде қолжетімді болуын қолдайтынын жеткізді.

– Ауылда тұратын қазақстандықтар қала тұрғындарына қарағанда осал жағдайда өмір сүруде, – деді Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы, – әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру мақсатында ҚКХП атынан Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров ҚР Премьер министрі Бақытжан Сағынтаевқа сауал жолдады. Коммунист Үкіметке ауылға баса назар аударуды ұсынады. Себебі онда тұрғындардың 43 %-ы өмір сүруде, бұл республика азаматтарының жартысына жақын. 

Одан әрі ҚКХП Қарағанды ОК екінші хатшысының м.а. Анатолий Баранов баяндама жасады. Ол «Халық Коммунистері» фракциясы мүшелері – депутаттардың ауылдық аумақтарды дамытуға ерекше, кешенді тәсілге және мемлекеттік бағдарламаларды ауылда іске асыруға қатысты ұстанымын жеткізіп қана қоймай, Агрогородок тұрғындарымен кездесуге қатысушылар арасында сауалнама жүргізді.

Сауалнамада анықталғандай, қатысушылардың көбі айына 50 мың теңгеден аспайтын жалақы алады, сондай-ақ оларға мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында ауыл тұрғындарына тиесілі жеңілдіктер ашып жазылған ақпараттар көзі қолжетімді емес.

Кездесуге қатысушылар баяндаманы мұқият тыңдап алып, қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя бастады. Олар негізінен ауылдағы несиелендіру, кенттегі жол сапасы, қаламен көлік қатынасы және денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты болды. Сонымен бірге Агрогородок тұрғындарын аймаққа қатысты емханаға тіркелу мәселесі қызықтырды.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті қоғамдық қабылдауының заңгері Айман Біржановадан өзекті мәселелері бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігін пайдаланды.

ҚКХП Қарағанды ОК баспасөз қызметі

Фото 26Фото 26Фото 26Фото 26Фото 26Фото 26Фото 26

Прочитано 648 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.