Понедельник, 04 июня 2018 11:18

Атырауда Балаларды қорғау күнін атап өтті

Оцените материал
(0 голосов)

1 маусымда Атырауда Исатай мен Махамбет алаңында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара болды. Бірінші хатшы Е.Г.Дәулетқазиевтың басшылығымен ҚКХП Атырау облыстық комитетінің белсенділері мен мүшелері мерекеге қатысып, балаларды құттықтады.

Қаланың басты алаңында өткен шығармашыл ұжымдардың шеруінде 2,5 мыңнан астам адам қатысты. Облыстың шығармашыл ұжымдары халықтың назарына керемет музыкалық және хореографиялық композициялар мен флешмоб ұсынды.

Халықаралық балалар күні – ең көне халықаралық мерекелердің бірі. Оны атап өту туралы шешім 1925 жылы Женевада өткен Балалардың игілігі мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін балалардың денсаулығы мен игілігін сақтау мәселесі өзекті мәселеге айналғанда, 1949 жылы Парижде әйелдер конгресі өтіп, онда бала бақытының жалғыз кепілі ретінде бейбітшілікті берік сақтау үшін аянбай күресу туралы серт қабылданды. Сол жылы Халықаралық демократиялық қауымдастық кеңесінің Мәскеу сессиясында бүгінгі мереке бекітілді. Бір жылдан соң, 1950 жылы 1 маусымда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілді, содан бері бұл мереке жыл сайын өткізіледі.

Қызықтысы, сол бұл мерекені дамудың социалистік жолын таңдаған елдерде де белсенді қолдады. КСРО-да бұл мереке кеңінен атап өтілмеді, дегенмен оның бар екенін де жасырмады. Жыртпалы күнтізбеде бұл мереке көрсетілетін.

КСРО-да балаларды сөзбен емес, іспен қорғау маңызды болды. Шынымен де, әр оқушы мектепте тегін кітап алатын, секциялар мен үйірмелерге тегін қатыса алатын. Жазда октябряттар мен пионерлер лагерге, соның ішінде теңіз жағалауына да баратын.

34135811 1676943489057022 3740112028786753536 n34135811 1676943489057022 3740112028786753536 n34135811 1676943489057022 3740112028786753536 n34135811 1676943489057022 3740112028786753536 n34135811 1676943489057022 3740112028786753536 n34135811 1676943489057022 3740112028786753536 n34135811 1676943489057022 3740112028786753536 n34135811 1676943489057022 3740112028786753536 n34135811 1676943489057022 3740112028786753536 n34135811 1676943489057022 3740112028786753536 n34135811 1676943489057022 3740112028786753536 n

Прочитано 617 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.