Понедельник, 04 июня 2018 15:49

Павлодарлық коммунистер жетім балаларды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Оцените материал
(0 голосов)

1 маусым Балаларды қорғау күні әлемнің көпеген елдерінде атап өтіледі.

Бұл  ең көне халықаралық мерекелердің бірі. Оны атап өту туралы шешім 1925 жылы Женевада өткен Балалардың игілігі мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін балалардың денсаулығы мен игілігін сақтау мәселесі өзекті мәселеге айналғанда, 1949 жылы Парижде әйелдер конгресі өтіп, онда бала бақытының жалғыз кепілі ретінде бейбітшілікті берік сақтау үшін аянбай күресу туралы серт қабылданды. Сол жылы Халықаралық демократиялық қауымдастық кеңесінің Мәскеу сессиясында бүгінгі мереке бекітілді. Бір жылдан соң, 1950 жылы 1 маусымда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілді, содан бері бұл мереке жыл сайын өткізіледі.

Павлодар облыстық комитеті мүшелері Павлодар қаласындағы жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне арнап ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысты. Балаларды құттықтауға мемлекеттік мекеме өкілдері, жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың қызметкерлері келді.

Тәрбиеленушілер тамаша концерт ұйымдастырды, үлкендер мен балалардың қатысуымен танымдық сұрақ-жауап өткізілді. «Замандас – Павлодар» ОФ көңілді әжелері би билеп, ән салды.

Қонақтар балаларға сыйлықтар тарту етті, балалар болса, өз кезегінде үлкендерге өз қолдарымен жасалған кәдесыйларды ұсынды. Мереке көтеріңкі көңіл-күйде өтті.

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті

34123124 1676108029140568 7735180274111086592 n34123124 1676108029140568 7735180274111086592 n

Прочитано 66 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.